» » «Т» дыбысы және әрпі

«Т» дыбысы және әрпі

Мақсаты: «Т» дыбысы және оның  әріп таңбасымен таныстыру, айтылу артикуляциясын меңгеру, буындарды оқуды  үйрету. Ойын арқылы тілін, сөздік  қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балаларды ұқыптылыққа, жылдамдылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын инновациялық технологиялар мен әдіс-тәсілдер: Бусоград, О.Лысенконың «15 сабақта оқыту»,  тик-тэк-тоу Сингапур технологиялары, идеялар себеті, көрсету, түсіндіру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: моншақтар, себет, «Т» дыбысынан  басталатын заттар, буындар, доп, әр балаға дыбыстық талдау жасауға арналған үлестірмелі материал, тик-тэк-тоу ойыны.

Оқу қызметі қабылдау бөлмесінен басталады.

Тәрбиеші: - Балалар, бүгін менің көңіл-күйім керемет боп тұр. Сендердің көңіл-күйлерің қалай?

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші екі-үш баланы шақырып, көңіл-күйлерін көрсетіп беруін сұрайды.

Тәрбиеші: -Ендеше, бүгінгі оқу қызметімізді бастауға дайынсыңдар ма? Балалардың жауабы.

Өткенді қайталау: 

Тәрбиеші балалардан жерде жатқан өткен әріптерді атап беруін сұрайды. Балалар әріптерді атап, топқа кіреді.

Проблемалық жағдаят: интерактивті тақтада видео көрсетіледі. Видеода орманда келе жатқан түлкі көрсетіледі. Түлкі «түлкі» сөзінің қай дыбыстан басталатынын, ол дыбыс пен әріп туралы көп білгісі келетінін, оған көмектесуін сұрайды.

Тәрбиеші: -Балалар, түлкіге көмектесеміз бе? Бәріміз түлкі деп айтып көрейік.

 Түлкі сөзі қай дыбыстан басталады екен?

Балалар: -«Т» дыбысынан басталып тұр.

Тәрбиеші: -Ендеше, бүгін сендер «Т» дыбысы және әрпімен танысасыңдар.

Интерактивті тақтамен жұмыс:

1-слайд: Дыбыс пен әріптің айырмашылығы.

2-слайд: «Т» әрпінің жазылуы, қандай дыбыс екені жайлы түсіндіру.

3-слайд: «Т» әрпіне ұқсайтын заттар (тырма, балға)

4-слайд: «Т» дыбысынан басталатын сөздер.

5-слайд: Сөз ішіндегі «т» дыбысының орны (тарақ – сөздің басында, от – сөздің соңында, ата – сөздің ортасында).

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар! Топтағы заттардың ішінен «т» дыбысынан басталатын заттарды себетке жинайық.

Идеялар себеті: «Т» дыбысынан басталатын заттарды себетке жинау (тас, тарақ, тырма, трактор). Сол заттарды атап, сөйлем құрау.

Үлестірмелі материалмен жұмыс:

«Т» әрпін моншақпен, таяқшамен, макаронмен жазу.

 «Таға» сөзіне дыбыстық талдау жасау:

Қанша дыбыс, қанша әріп бар?

Қанша дауысты дыбыс, қанша дауыссыз дыбыс бар?

«Таға» сөзінде қанша буын бар?

Балалардың жауабы. Балалар дыбыстарды текшелермен белгілейді.

«Сауысқан мен қаз»  ойынын ойнау. Тәрбиеші балалардан алшақ қарама-қарсы тұрады. Балалар бір сызық бойында тұрады. Балалар сауысқан, тәрбиеші қаз болады. Тәрбиеші бір балаға сөзді айтып допты лақтырады, бала допты қағып алады және сол сөздегі бірінші дыбысты атайды. Егер бала сөздегі алғашқы дыбысты дұрыс айтса, бір қадам алға жылжиды. Кім бірінші сөздегі дыбыстарды дұрыс айтса және тәрбиешіге бірінші жетсе, сол жеңімпаз атанады.

«Келе жаттым, келе жаттым» ойынымен буындарды оқу (та, те,ти, ат, ет, ит, т.б).

Балалар шеңбер бойымен айнала жүреді. Жерде буындар жазылған қағаздар жатады. Балалар «Келе жаттым, келе жаттым» деп айтып жүреді. Тәрбиеші бір баланы атайды. Аты аталған бала жерден буын жазылған бір қағазды көтеріп оқиды. Мысалы, «Келе жаттым, келе жаттым, «та» буынын таптым» т.б.

Қорытынды: «Тик-тэк-тоу» әдісі арқылы.

Тәрбиеші: -Балалар, қазір мен сендерге сұрақтар қоямын. Егер, менімен келіссеңдер «х» белгісін, ал егер келіспесеңдер, «0» белгісін жазасыңдар.

1.Менің ойымша, «Т» дыбысы – дауыссыз дыбыс.

2.Менің ойымша, «тарақ» сөзі үш буыннан тұрады.

3.Менің ойымша, «ит» сөзінде «т» дыбысы бар.

4.Менің ойымша, «ат» сөзінде «т» дыбысы екінші тұр.

5.Менің ойымша, «тырма» сөзі «т» дыбысынан басталады.

6.Менің ойымша, «Томирис» сөзі «т» дыбысынан басталмайды.

7.Менің ойымша, «т» – дауысты дыбыс.

8.Менің ойымша, «тас» сөзінде «т» дыбысы соңында тұр.

9.Менің ойымша, «тас» сөзінде екі буын бар.

 

х

 

 

0

 

х

 

х

 

 

х

 

0

 

0

 

 

0

 

0

Тәрбиеші балалардың жауабымен өзінің жауабын салыстырады.Интерактивті тақтада видео көрсетіледі. Видеода түлкі балаларға өзінің алғысын айтады.

Тәрбиеші: -Балалар, бүгін сендер өте жақсы жұмыс жасадыңдар, түлкіге көмектестіңдер.

Сендерге көп рақмет. 


Автор:

Жазира Турсынова,

ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК-ның тәрбиешісі 

Нұр-Сұлтан қаласы

23 сәуір 2021 г. 46 466 0

Похожие новости:

title
ДЕНІМІЗ САУ БОЛЫП ӨСЕМІЗ
Мектепке дейінгі білім
title
ДЕНІМІЗ САУ БОЛЫП ӨСЕМІЗ
Мектепке дейінгі білім
title
Пішіндер әлемі
Рухани жаңғыру және білім
title
1 саны мен цифры
Рухани жаңғыру және білім
title
Ағаш - табиғат көркі
Мектепке дейінгі білім

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 929 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031