» Қиық пирамида

Қиық пирамида

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік:  Қиық пирамида, дұрыс көпжақтар туралы мәліметтермен таныстыру, ұландардың теориялық білімдерін жетілдіре отырып, практика  жүзінде қолдану  дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық:Ұландардың ой-өрісін кеңейту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:Жылдам ойлап, тез қорытуға, жауапкершілікке, өз бетінше білім алуға баулу, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар, геомериялық фигуралар,

бейнебаян, электронды оқу құралы.

Сабақтың түрі: Тренинг сабақ.

Cабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы.

Сабақтың әдісі: танымдық ойын, топпен жұмыс, сұрақ – жауап, деңгейлік тапсырмалар, түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс,  өз бетімен жұмыс.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

1) сәлемдесу, сабақтың мақсаты, жүру барысын айту

2) үй тапсырмасын тексеру

Негізгі бөлім:

1) «Кезбе тілші»(өткен тақырыпты пысықтау) (8 мин)

2) «Білгенге маржан» (жаңа тақырыпты электрондық оқулық арқылы түсіндіру) (5мин)

3) «Сана аллеясы» (жаңа тақырыпты бекіту) (5 мин)

4) «Сиқырлы сандықша» (топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар) (15мин)

5)Кері байланыс(3мин)

Қорытынды. 

1)Үйге тапсырма (2мин)         

2)Бағалау.(2мин)

  • «Кезбе тілші»    (өткен тақырыпты пысықтау)

Мақсаты: өткен тақырып бойынша  ұландардың білімдерін бақылау, толықтыру, пысықтау.

Шарты: ұландарға өткен тақырып бойынша  сұрақ қойылады, ал ұландар  шапшаң жауап беруі тиіс,  дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.

  • Пирамида
  • Пирамиданың биіктігі.
  • Дұрыс пирамида анықтамасы
  • пирамиданың апофемасы

2) «Білгенге маржан» (жаңа тақырыпты электрондық оқулық арқылы түсіндіру)

Мақсаты:Пирамида, қиық пирамида, дұрыс көпжақтар туралы білім, білік, дағдыларын жетілдіру, математикалық сауаттылығын арттыру.

Шарты:   жаңа тақырыпты түсіндіру, ұландар мұқият зейін қойып жаңа тақырыпты меңгеруі тиіс.

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Қиық пирамида

Пирамиданың табаны мен табан жазықтығына параллель қима жазықтық арасындагы бөлігі қиық пирамида деп аталады.                   Қиық пирамиданың төменгі және жоғарғы екі табаны бар.

Қиық пирамиданың бүйір жақтары — трапециялар, ал оның бүйір кырлары — осы трапециялардың бүйір қабырғалары.

Бір табанының кез келген нүктесінен екінші табан жазықтыгына түсірілген перпендикуляр қиық пирамиданың биіктігідеп аталады.

Дұрыс пирамидадан алынған қиық пирамиданы дұрыс қиық пирамида дейді.

Бүйір жағының биіктігі дұрыс қиық пирамиданың  апофемасы деп аталады.  

Дұрыс қиық пирамиданың:

бүйір жақтары тең

бүйір қырлары тең

апофемалары тең

әрбір табан қабырғасындагы екіжақты бұрыштары тең

бүйір қырларындагы екіжақты бұрыштары тең.

Қиық пирамиданың бүйір бетінің ауданы деп оның барлық бүйір жақтарының аудандарының қосындысын айтады.

Қиық пирамиданың бүйір бетінің ауданы оның табандарының периметрлерінің қосындысының  жартысы мен  апофемасының көбейтіндісіне тең:

  • Sб6= 1/2 (P+ P2  

Толық бетінің ауданы оның барлық жақтарының аудандарының қосындысына тең.

  • ST6S66+Smа61+Smа62

Қиманың үстінде жатқан кіші пирамида берілген пирамидаға ұқсас. Сондықтан осы пирамидалардың табан аудандарының қатынасы олардың сызықтық өлшемдерінің қатынастарының квадратына, ал көлемдері пирамидалардың сызықты өлшемдерінің қатынастарының кубтарына тең. h1 – кіші пирамиданың биіктігі, ал   h2 – үлкенінің биіктігі болса, онда

3) «Сана аллеясы» 

Мақсаты:  жаңа тақырып бойынша ұландардың алған білім, іскерлік, дағдыларын дамыту.

Шарты:  ұландарға математикалық фигураларды ұсына отырып, сұрақ қою, олар   шапшаң жауап беруі тиіс,  дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады. Егер қате болған жағдайда, топ ұландары  қатесін жөндеп көмектесуге болады.

4) «Сиқырлы сандықша» 

Мақсаты: ұландардың білім, іскерлік дағдыларын дамыту.

Шарты:Оқытушы үлестірме материалдарын дайындайды: 3-ші деңгей күрделі есептер (көк жетондармен бағаланады); 2-ші деңгей – орташа есептер (жасыл жетондармен бағаланады);  1-деңгей - жеңіл есептер (қызыл жетондармен бағаланады).

“Сиқырлы сандықшадағы”  тапсырмаларды таңдап, ұландар топ болып  тапсырманы дәптерге орындайды да, жүйеге сәйкес тиісті бағасын алады. Ойын тақырып бойынша ұландардың алған білімдерін айқындауға, оны пысықтауға  мүмкіндік береді. 

5.«Кім зерек?» 

Мақсаты: Жаңа тақырыпты  «Кім зерек» ойыны арқылы пысықтау.  Бұл ойын  ұландардың білімін анықтауға мүмкіндік береді  және ойлау, есте сақтау қабілетін дамытады, тапқырлыққа, шапшаңдыққа  дағдыландырады.

Шарты:  Мұнда    ұландар орнында  отырып  тапсырманы орындайды, нәтижесін тақтаға келіп баяндайды. 

Прамиданың табанына паралель жазықтық биіктігін 1:1 қатынасындай етіп қиып өтеді. Қиманың ауданы 2м2 болса, пирамида табанының ауданы неге тең?

А) 4 м2              В) 6 м2           С) 5 м2           D) 8 м2              E) 10 м2  

6) Кері байланыс      Не білдік?                      Не үйрендік?

                                     Сабақ несімен ұнады?  Өзіңе қандай баға бересің?

 

Қорытынды. 

1)Үйге тапсырма

а)§ 3, 3.2 Тақырыпқа қатысты ережелерді жаттау.

ә)№ 12,13  Есеп шығару.

б)Фигуралардың моделін жасап әкелу. 



Автор:

 

Жұматай Алдажұманова, 

Генерал С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің 

математика пәні мұғалімі

Нұр-Сұлтан қаласы

---
07 қазан 2020 г. 6 096 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 833 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930