» » Кітапхана – білімнің көзі, кітапханашы оның тірегі

Кітапхана – білімнің көзі, кітапханашы оның тірегі

«Кітапахана-білім көзі, кітапханашы-оның тірегі» деген сөздің өзі көп мағына беріп тұр. Қазіргі технологиялар тартысқа түскен жаһандану заманында кітапқа деген қызығушылықтарын оятып, кітапханаға оқырмандарды көптеп тарту мақсатындағы игілікті іс-шаралар елімізде жиі өткізіле бастады. Бұл туралы "Edunews.kz" Ақпараттық Агенттігі "bilimdinews.kz" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы еліміздің жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы десек те болады. Адам рухани қазына байлықты кітаптан алатыны бәрімізге аян. Қазақтың ойшылдары кітапты барлық ілімнің қайнар көзіне балаған.

Жұртшылықтың жүрегіне жол таба білген мектебіміздің кітапханашысы Халикул Ажибаеваны мамандығының майталманы ретінде мақтасақ артық айтқандық емес. Ол оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін кітап көрмелерін атаулы күндерге орай уақтылы ауыстырып, тақырыпқа байланысты кең мағлұмат беріп отырады. Ата-аналармен,  мұғалімдермен  тығыз байланыс жасай отырып, оқушылардың кітапханаға жиі келуіне ықпал жасауда. Осындай көп еңбек жасай отырып, нәтижеге қол жеткізбек.  

Биылғы жыл жастарды жан-жақты қолдауға арналған. Осы орайда жарияланымдарға библиографиялық шолу жасай отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Және осы тақырыптағы мәнді мақаласы аудандық газетте жарық көріп, көпшіліктің қызығушылығын туғызды. Әріптесіміз кәсіби қызметімен қатар мектепшілік іс-шараларды, мұғалімдердің тағылымды тәжірибесі мен өнегелі үлгі істерін республикалық «Білімді ел – Образованная страна» газетіндегі Д.Абдрахманова туралы «Көшбасшы ұстаз» мақаласында жаңа тұрпатты азамат тәрбиелеуші тәлімгер туралы тереңнен толғанды.

Бастауыш кәсіподақтың «Еңбекші» газетіне Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай, «Туған жер» кіші бағдарламасын іске асыру мақсатында  киелі мекен Түркістанға саяхаттап  қайтқан оқушыларымыздың пікірлерін тыңдау арқылы жазылған «Тарих-өткеннің сабағы» мақаласының мәні мен маңызы бөлек. Қазіргі жастар арасындағы құқық бұзушылықты сынға алған «Құқық бұзушылық-қоғамға жат қылық», және «Әлімжеттік-әдепсіздік пе, әлде әдет пе?» тақырыбындағы жазбаларында біраз ой айтылған. Г.Смағұлованың бастауыш ұйымының төрайымы әрі 40 жылдық ұстаздық еңбегін «Ұстаз болу-ұлы өнер» мақаласына аоқау еткені тағы бар. «Мектеп кітапханасы-заманауи білім ордасы» және «Кітапханашылар ұсынған жүз кітап» пен «Адалдық-адамдық борышың» тақырыбындағы материалдары оқыған адамды ойландырмай қоймайды.  

Мектепте өткен әрбір іс-шараны басты назарда ұстайтын кейіпкеріміздің жазғандары аудандық «Шу өңірі» газетінде жиі жарияланады. Жан дүниесін рухани құнарлармен байытып, сөз қорының молдығы мен шығармашылық шеберлігі жаңалық жаршысы ретінде республикалық, облыстық және аудандық мерзімді басылымдармен уақтылы танысып әрі әдеби-ғылыми кітапты көп оқуының септігі тигендігі даусыз. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ұжымымыздың тілшісі атанған кітапханашымыз Х.Ажибаеваға  «қаламың мұқалмасын!» дейміз ізгі ниетпен.


Автор:

Клара БАУБЕКОВА,
Алға шағын орталықты орта мектебінің директоры,
Сауытбек ауылы, Шу ауданы, Жамбыл облысы.



Дереккөз: bilimdinews.kz.
17 мамыр 2019 г. 6 136 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 595 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930