"Болашаққа бағдар:рухани жанғыру" мақаласы аясында олимпиада қорытындысы шықты

Кентау политехникалық колледжінде Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жанғыру" мақаласы аясында Кентау трансформатор зауытының 60 жылдығына орай физика, математика, қазақ немесе орыс тілі пәні олимпиада қорытындысы бойынша 11 сынып оқушылары арасында 1 орынды Шобанақ мектебінің оқушысы Розметов Рахматулла, 2 орынды М. Балақаев атындағы орта мектеп оқушысы Пернебай Сәкен, 3 орынды Б. Момышұлы атындағы № 12 орта мектеп оқушысы Сейілханова Жадыра иеленді. 9 сынып оқушылары арасында 1 орынды Шобанақ орта мектебінің оқушысы Асенбаева Шахида, 2 орынды Қазақстан 30 ж атындағы орта мектеп оқушысы Хашимов Жасур, 3 орынды Шобанақ мектебінің оқушысы Бахтияр Давлят иеленді.
Барлық қатысушылар арнайы жасалған сыйлықтармен, женімпаздар колледжде тегін оқу сертификатымен марапатталды.
Дереккөз: Кентау Политехникалық Колледжі.