» » Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

           Келешек елдің тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпаққа білім мен тәлім-тәрбие беру ұстаз алдындағы ең ауыр міндеттің бірі. Бүгінгі жаңа ғасырдың жаңашыл шәкірттерін тәрбиелеуде, мұғалім үздіксіз ізденіп, кез-келген тосын сүраққа жауап бере алатын, кез-келген жағдаяттан шыға алатын, білімді болу қажет. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғада ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді, еңбектенуді  тоқтатса оның мұғалімділігі де жойылады» деген қағидасын ұлы педагог К.Д.Ушинский айтқан болатын. Мұғалімнің негізгі мақсаты- сабақ барысында оқушыларға терең теориялық және тәжірибелік білім беру.

Функционалдық сауаттылығы дегеніміз- адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: белсенділік; шығармашылық тұрғыда ойлау; шешім қабылдай алу; өз кәсібін дұрыс таңдай алу;
өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.  Функционалдық сауаттылықты түсінудің басқа да жолдары бар: адамның жақсылық пен тілектестік рухында тәрбиеленуі үшін қарым-қатынас мәдениетін, жеке кәсіби дайындығын, кәсіби технологиялық дайындығын қамтамасыз етеді. Функционалдық сауаттылық – ұғымы мектептегі берілетін жалпы орта білімнің оқушылардың күнделікті өмірде және болашақтағы көп қырлы қызметінде кездесетін тұрмыстық, қоғамдық, әлеуметтік,экономикалық т.б жағдаяттарды шешуде табысты қолдана алуын қамтамасыз ету ретінде түсіндіріледі.[3]

Жеке тұлғаның басты функционалдық сапасы белсенділік, шығармашылық пен ойлауға қабілеттілік және стандартты емес шешімдер қабылдай алуы, өзін-өзі дамытуға, өздігінен оқуға, өз білгенін іске асыру болып табылады.

Осы тұрғыда оқушылардың функционалдық сауаттылығы өмірден алатын білім, білік және дағдыларды адам жұмысының әртүрлі саласындағы алуан түрлі тапсырмаларды шешудің, еңбек өнімділігі мен әлеуметтік-экономикалық дамудың тұтас алғандағы әлеуметтік қатынастардың оқушының меңгеретін білім мазмұнымен байланысы арқылы қалыптасады.

Қазіргі уақытта, ақпараттық технология қарқынды дамып келеді, олар педагогикалық кеңістікте терең еніп, білім беруде кеңінен қолданылады. Видео сабақтар – қазіргі заманғы педагогикалық әдістердің заманауи түрі. Бұл әдістің оқушылардың да, ұстаздардың да білім алу жолында алатын орны ерекше. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерінің арқасында мұғалімдер арасында онлайн-сабақ, бейне-конференция, жаңашыл сабақтар қолданысқа ие болып тұр. Бүгінде интернет желісіне қосылу үшін көп уақытымызды алмайтын жағдайға жеттік. Интернет желісіне жылдам қосылып, уақытын тиімді қолданып, белсенді жұмыс істеп жүрген заманауи мұғалімдеріміз бар екені белгілі. Қазіргі таңда оқушы тек білім тұтынушы емес, білімді өз бетімен оқып, меңгере алатындай жаңа инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдануы қажет.

Осы қажеттілікті толықтыру мақсатында «Төңкерілген сабақ» әдісін биология пәнінде қолдануға болады. Бұл білім алушының үйде мұғалімнің алдын-ала жасалған видеосы арқылы жаңа материалды өз бетімен оқып-үйреніп, қашықтан мұғалімнің көмегімен биология пәні бойынша зерттеу жұмыстарын, тапсырмаларын ұйымдастыру процесін жасауға болады. Яғни, үйде – білу түсіну, қашықтан – білімді қолдану көрсету. Мұғалім бұл әдісінде балаларға теориялық материалдан тұратын бейне материалдарды жасайды және оларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, Google Classrom арқылы оқушыға жібереді. Көбінесе Microsoft Power Piont таныстырылымдарын қолданып сабақ жасаған қолайлы.

Оқушылардың үй тапсырмасы – бейнежазбаны көріп, жаңа материалмен таныс болу, ұғыну. Шәкірттер сабаққа келгенде, олар теориялық материалмен танысып, практикалық тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен шешуге дайын болады. «Төңкерілген сабақ» әдісін қолдану арқылы мұғалім оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландырумен қатар, әрқашан да оқып-білім алуға ұмтылуға бағыт-бағдар беріп отырады. «Төңкерілген сабақ» әдісі сабақты өткізудің және білім алушыларды қызықтырудың басқа жаңашыл қыры немесе бағыты екенін әдісті қолданғаннан кейін көрдім. Бір сарынды дәстүрлі сабақтарды өткізе бергеннен, арасында осындай видео үзінділерді қолдануды ұсынамын. Әрине, әрбір сабақ қызықты өту үшін шәкірттердің дамытатындай жоспарлар құруға тырысамыз. Видео сабақтардың оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратынына сауалнама арқылы көз жеткіздік.

Күрделі материал оқушыларға есте сақтауға қиындық туғызады. Осындай жағдайда мұғалімнің де, баланың да осы тақырыпқа қосымша уақыт бөлуіне тура келеді. Видео сабақтың білім алушыға тигізер көмегі – тақырыпты меңгере алмай қалғандығы жайлы мұғалімге айтып отырмай-ақ өз бетімен жұмыс істеп, өзіне ыңғайлы уақытта видео сабақты қосып көре алады. Ал, мұғалім – осы видео сабақты бір рет қана дайындап қойып, қайта-қайта түсіндіріп отыруға кететін уақытын үнемдейді. «Төңкерілген сабақ» әдісінің ерекшеліктері: қашықтан оқушыларға, өткен материалды ноутбук немесе ұялы телефон арқылы жетік меңгеруге септігін тигізеді; қабылдау қабілеті баяу оқушыларға осы бейнежазбаны бірнеше рет қарап, қайталап, өз білімін керекті деңгейге жеткізіп алуға көп әсерін тигізеді; қашықтан сабақ өту үрдісінде материалды толық түсінбей қалған жағдайда үйде, көлікте, жалпы интернет желісіне қосылу мүмкіндігі бар жердің бар лығында өз қалауынша қосып көре алады. Сонымен қатар сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақты бекіту, қайталау кезінде Kahoot, Quizizz  ойындарын ойнатып отырамын.

Қазіргі өзекті проблемаларды шешуде жалпы биология пәнінің алатын орны ерекше. Биология сабағында оқушыларға нақты мысал келтіре отырып, алған білімдері маңызды практикалық мәселерді шешуге қажет екендігін түсіндіру қажет. Оқушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады.Сыни ойлауды дамытатын оқу шарттарын, яғни оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру, әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау, оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін оқушыларға еркін атмосферада жұмыс істейтіндіктеріне кепілдік беру, сыни ойлау тәжірибесі үшін уақыт пен мүмкіндіктер қамтамасыз ету, кез-келген оқушының сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімділік білдіру, сыни ойлауды бағалау, оқыту үрдісіне белсенді қатысуға, басқалардың пікірлерін сыйлауға мүмкіндік беру. Сыни тұрғыдан ойлауда ең басты - сұрақтың дұрыс қойылуы. Сыни ойлауда - оқушылар қай нәрсеге болса да терең оймен қарайды, салыстыра отырып талдау жасайды, өз көзқарасын білдіреді, өзіндік мәнін қалыптастырады, өз ойын тұжырымды жеткізе алады. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуда сұрақтардың маңызы ерекше. Сыныпта қойылған әртүрлі сипаттағы сұрақтарға жан – жақты жауап беруге үйретіп қана қоймай, дағдыландырып, нақты ортаны жасау керек. Сабақ барысында функционалдық сауаттылықты сұрақтар қою арқылы пайдалануға болады.

8 сыныптағы «Сезім мүшелері және оның маңызы» тақырыбында мынадай сұрақтар қоюға болады.

1.Терезеге қарап, күннiң жарқырап атқанын көрдiм. Қандай ақпарат аласың?

2.Бiз таудағы су ағынының дыбысын естiдiк. Бiз қандай ақпарат алдық?

3.Ас үйде қайнап жатқан сүт тасып кеттi, сен оны қалай байқадың?

4.Егер бiз қолымызды отқа жақындатсақ, онда қандай ақпарат аламыз?

5.Мерекелiк торт пiсiрілдi. Оның дәмiнiң тәттi екендiгiн қалай байқайды?

Сыни сұрақтар:

Сіздің жай көзбен салыстырғанда денешынықтыру жаттығуларын жасау барысында әдеттегіден тыс жиі тыныс алуыңыздың себебі неде?

Қандай себептерге байланысты балалар мен егде адамдарға тұмауға қарсы егу жасауға кеңес береді. Себебін түсіндіріңіз.

Тест тапсырмаларын беру арқылы да оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға болады.

Мысалы:

Егер, адамдар немесе жануарлар бактериялар арқылы берілетін жұқпалы аурулармен ауырған болса, әдетте жазылғаннан кейін ауруды туғызатын бактериялар бұл аурудың ағзада жүруін болдырмайды.
Бұл құбылыстың себебі неде?

А)Ағза ауруға себеп болатын барлық бактерияларды жояды.
В)Ағза бактериялардың көбеюін болдырмайтын антидене өндіреді.
С)Қанның қызыл түйіршіктері сол аурудың себебі болатын бактерияларды жояды.
Д)Қанның қызыл түйіршіктері бактерияларды жойып, ағзадан шығарады.

         «Қан және оның құрамы» тақырыбында менің денемдегі қанның мөлшері қанша? (биологиялық есеп) 47 кг салмақтағы адамның денесінде қанша литр қан бар? Қан адамның дене салмағының 7% -ын құрайтыны бізге белгілі. Жауабы: 47 кг салмақтағы адамның денесінде 3литр, 29 мл қан бар?

Еркін жазу – оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсіруді талап ететін тәсіл. Бұл әдісті 6 сыныптағы « Мәдени және жабайы, біржылдық және көп жылдық, дәрілік және әсемдік өсімдіктер» тақырыбындағы сыни сұрақтар беру арқылы қолдандым.

1.Мектеп ауласымен үлескесінде өсетін өсімдіктерді білесің бе?

2. Қандай дәрілік өсімдіктерді білесіңдер? Олардың қайсысын қандай жағдайда қолданып көрдіңдер?

3.Өз ауламызда қандай арамшөптер көп кездеседі?

Оқушылар сан түрлі ойларын жеткізді. Итмұрын, алоэ, орамжапырақтың, қызылшаның, сәбіз, картоптың, т. б. басқа да мәдени өсімдіктердің адам денсаулығына пайдасы айтылып, талқыланды.

«Мұғалім және тілші» тақырыбында рольдік ойын арқылы осы конференцияға қатысып отырған ұстаздармен пікір алмасу.

Оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынадай тұжырымдарды ұсынуға болады:

1.Оқушылар алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйренеді.

2.Әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушы ақпараттық технологияларды қолданып, проблемалардың шешімін таба алады.

3.Оқушылар өзгермелі өмірге бейімделуін үйренеді.

4. Оқушылардың жеке бас қабілеттері дамиды.

5. Оқушылардың әлеуметтік – мәдени дағдылары дамиды.

        Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Біздің еліміздің негізгі тірегі – зияткерлік ұлт мүмкіндігі. Сондықтан да біздің балаларымыздың сапалы білім алуы маңызды. Оқушылардың мектепте алған білімін қоғамдық — әлеуметтік ортада пайдалануға икемдеу, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне басымдық берілуі тиіс. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі.

Функционалдық сауаттылықтың белсенді стратегиялар арқылы оқытудың тиімділігі: 

Мұғалім үшін: Әрбір оқушының өзгешелігін ескере отыра жеке білім алу траекториясын құру.

Оқушы үшін:  Өз білімін жете түсіну,өмірде қолдану,өз жұмысын бағалай білуі.

Ата-ана үшін: Баланың білім алуындағы өсу деңгейін қадағалауы.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлтық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы).

2. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010.

3. Оразахынова Н., Кенжебаева Г. М. - «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары» ғылыми мақаласы, 2012. - Б. 42-47.


                                   Мұрат Жанерке Мұратқызы

                       Ақжарқын жалпы орта білім беретін  мектебі

                   КММ – нің химия және биология пәні мұғалімі

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Ақжарқын ауылы

 
18 мамыр 2023 г. 4 549 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 205 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031