Қазақ деген халықтың баласымын. Тұманбай Молдағалиев
Пәні  | Әдебиеттік оқу, Алматы «Атамұра» 2018ж  | 
Сыныбы  | 3 «А»  | 
Мұғалім  | Кокчаева Гульнара Нурахметовна  | 
Бөлім  | Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен  | 
Сабақтың тақырыбы  | Қазақ деген халықтың баласымын. Тұманбай Молдағалиев.  | 
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты  | 3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру; 3.3.2.1* шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу.  | 
Сабақтың мақсаты (бағалау критерийлері)  | -өлең құрап жазады; -салт-дәстүрлерді зерделейді;  | 
Ойлау дағдыларының деңгейі  | Білу және түсіну, қолдану, талдау  | 
Ұлттық құндылықтар  | Ар-ұят: сөйлесу мәдениетіне тәрбиелеу  | 
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері/ уақыты  | Педагогтің әрекеті 
 
  | Оқушының әрекеті  | Бағалау  | Ресурстар  | 
Сабақтың басы Ұйымдас тыру кезеңі 5 минут  | Мақсаты: Бір-біріне құрмет сезімін ояту. Амандасады.  | Мадақтау.  | Орындарынан тұрып хормен өлеңді айтады.  | |
Өткенді бекіту 5 минут  | 7-тапсырма. Өлеңді жаттап ал. «Білім керек бәріне» «Білім деген – байлық»  | Сұрақтар мен тапсырмаларды орындап, өткен сабақты бекітеді.  | Дескриптор: Өлеңді жатқа айтады-1б  | 
  | 
Сабақтың ортасы 15 минут  | Тыңдалым мен айтылым. ТЖ Жаңа тақырып. Кіріспе. Қазақтың салт-дәстүрлері өте көп. Бұрынғы заманда киіз үйде тұрса да, ат жарыс, көкпар, қыз қуу сияқты салт дәстүрлерді сақтап келген. Салт- дәстүрлер: ат жарыс, қыз қуу, көкпар, саятшылық, аңшылық, құсбегілік. Т.Молдағалиев 1935ж Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Жарсу ауылында дүниеге келген. 1-тапсырма. Манат Қаспақтың «Той» суреті. Суреттегі ит, жылқы, бүркіт және т.б. қатысты қандай қазақтың салт-дәстүрлерін білесіңдер? 1-топ «Ит» туралы мақал-мәтелдер. 2-топ «Жылқы» туралы жұмбақтар мен мақал-мәтелдер. 3-топ « Бүркіт» туралы мәліметтер. Әңгімеңді сабақ тақырыбымен байланыстыру.  | Ақпаратпен танысады. Суреттер бойынша өзіндік көзқарасын білдіреді. Тапсырмаларды орындайды. Топта пазл құрастырады. Салт- дәстүрлерді теріп жазады. Мақал-мәтелдер айтады, жұмбақтар шешеді. Бүркіт туралы мәліметтер жинайды.  | Дескриптор: Қазақтың салт-дәстүрлерін біледі-1б 
 Әңгімесін сабақ тақырыбымен байланыстыра алады-1б Дескриптор: -мәнерлеп оқиды, -сөздердің мәнін ашады-1б  | Т.Молдағалиев (1935ж) ит жылқы бүркіт 
  | 
Оқылым. ЖЖ Әдіс: «Жылқы сұлбасы» 3-тапсырма. Т.Молдағалиевтің «Қазақ деген халықтың баласымын» атты өлеңін мәнерлеп оқыту. Өлеңдегі қайталанып тұрған сөздердің мәнін жылқы сұлбасына жазу. Топтық жұмыс. І топ. 6-тапсырма. Ақынға ілесе отырып өлең құрастыру. ІІ топ. 4-тапсырма. Өлеңде қайталанып тұрған жолдарға мән бер. Неліктен деп ойлайсың? Ж: Қазақ деген халықтың баласымын деп өзінің ұлтын мақтан етіп тұр. ІІІ топ. 2-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.«Қазақ деген халықтың баласымын» өлеңінің мазмұнына сәйкес сурет.  | Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқып шығады. Қайталанып тұрған сөздердің мәнін жылқының сұлбасына жазады. Өлеңді кезекпен оқиды Өлеңнің мазмұнына сурет салады.  | Дескриптор: -мәнерлеп оқиды, -сөздердің мәнін ашады-1б Тамаша! Дескриптор: «Қазақ деген халықтың баласымын» өлеңін мәнерімен оқиды-1б Тамаша! Дескриптор: Өлеңде қайталанып тұрған жолдарға мән беріп, неліктен екенін табады-1б  | Оқулық жылқының сұлбасы Оқу құралдары Оқулықпен жұмыс  | |
Сергіту сәті 5 минут  | «Боди-арт» әдісі. Адамның арқасына А-4 форматына сурет салу.  | Сергіту сәтін сурет салу арқылы бейнелейді.  | Жарайсыңдар!  | Көңілді әуен  | 
Сабақтың ортасы 10 минут Үй тапсырмасы  | Жазылым. ӨЖ Салт-дәстүрлерді жазады. «Броундық қозғалыс» әдісі. Ақпараттар мен мәліметтер жинау. 1. «Бесік той» 2. «Көкпар» ойыны 3. «Асық ату» ойыны ЕБҚ Қазақ халқы туралы білетін өлеңді оқу. ЕБҚ Қазақтың салт-дәстүрлері туралы шағын баяндама жасау. 5-тапсырма. Өлеңді жаттап келу.  | Мәлімет жинау арқылы жазады. Берілген сұрақтарға жауап береді. ЕБҚ: дайын бір шумақ өлеңді көшіріп, жатқа айтып береді. Жеке жұмыс жасайды Үй тапсырмасын жаттап келеді.  | Дескриптор: Ақпараттар алады-1б Дескриптор:Өлең құрастырып жазады-1б Сен мықтысың! 
  | Асық ойыны Суреттер Оқулық Суреттер  | 
Кері байланыс 5 минут  | Өзін-өзі бағалау парағы. Сабақты бекіту мақсатында алады.  | .Оқушылар өзін-өзі бағалау парағымен бағалайды.  | Дескриптор -білімін бекітеді; 1б  | |
Рефлексия 5 минут  | . Кері байланыс парақшасы. «Жетістік баспалдағы»  | Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.  | 
Кокчаева Гульнара Нурахметовна
Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицей
Бастауыш сынып мұғалімі
Астана қаласы




		
		



