» » Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып

Мен, Қайнарбек Айсұлу, Шекер Ермағанбетова атындағы №246 орта мектептің 9 сынып оқушысы.

 Әрбіріміз жарқын өмірді қатесіз өткізуге ұмтылатынымыз анық. Алайда, ол үшін қоршаған ортаның қамқорлығы қажет. Мен де осы үндеуімді  жас достарымды есірткісіз болашақты таңдауға шақырамын. Әрқашан “есірткіге жол жоқ”- деп, қоғамды дамытуға үлес қосайық!

Есірткісіз өмірді таңдау – бұл саналы әрі мақсатты қадам. Мұндай таңдау жеке тұлғаның ғана емес, бүкіл қоғамның денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Әрбір азамат спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанып, рухани және мәдени құндылықтарды дәріптеуі қажет.

Өмір – адам үшін берілген ең үлкен сый. Осы үлкен сыйдан айрылып қалу демде екенін қазіргі жастар, сіз бен біз, естен шығармауымыз керек. Сені ата-анаң не үшін мәпелеп өсірді? Сол ата-ана еңбегінің өтеуі – олардың үмітін ақтау, салауатты өмір салтын ұстанып, жетістікке жету өз қолымызда. Сол себепті, кеш болмай тұрғанда “Ойлан!” дегім келеді.

Еліміздің кемелденуі мен ұлтымыздың жарқын болашағы білімді де дені сау ұрпақтың қолында. Әрбір жас ұрпақтың міндеті – халықтың болашағын сақтап, дені сау ұрпақты дүниеге әкеліп, тәрбелеу. Біреу есірткіні тұтынуға шақырса, ойланбастан «Жоқ!» деп жауап бер. Ол сенің өз құқығыңды сақтаумен тең.

Есірткіні жанына серік еткен адамның қолына ел болашағын тапсыра алмаймыз. Біз әрқашанда «Есірткісіз өмір ғажайып!» ұранын қолдап, есірткінің тарауына жол бермей , күресуіміз керек. Есірткісіз күліп-ойнап өмір сүру – ғажайып!

Есірткісіз өмірді таңдау – бұл қоғамның болашағын жарқын етуге бағытталған жауапты қадам. Бұл жолды таңдаған әрбір азамат өз өмірін, отбасын және айналасын жарық нұрға бөлеп, қоғамның дамуына үлес қосады. Есірткісіз өмір – бұл денсаулық, бақыт және үйлесімділікке толы өмір.

Есірткі өміріңді қор қылады,

Ел алдында жігеріңді құм қылады.

Ей, ұрпағы қазақтың салиқалы,

Ертеңді ойла, болашағың не болады?

Ата - анаң, отбасыңды ойлау керек,

Сен үшін олардың орны бөлек.

Нашақор боп, атына кір келтірмей,

Алақанға салып мәңгі сыйлау керек!

Салауатты өмір салтын сақтанайық,

Денсаулықты жас күннен бағалайық!

Көк байрақты жоғары желбіретіп,

Жақсы әдет, жақсы жолға бет бұрайық!

Ашық қылсын жалғыз алла аспанын,

Аман қылсын еліміздің жастарын.

Таза болып, аман болса, сау жүрсе,

Бұл өмірде керегі не басқаның?

Есірткісіз өмір ғажайып!


 Қайнарбек Айсұлу
 Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті
 Шекер Ермағанбетова атындағы №246 орта мектеп, 9 сынып оқушысы
 Жетекшісі: Токмырзаева Куанышкуль Еркасымовна
22 қаңтар 2025 г. 442 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 22 243 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 22 964 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728