» » Математика пәнін, окытудағы педогогикалық тәсілдер

Математика пәнін, окытудағы педогогикалық тәсілдер

Математиканың окыту әдістемесі (МОӘ) сонғы жылдары қарқынды дамып мазмұны жағынан да, ғылыми әдіс- тәсілдері жағынан да кемелденген педагогиканың бір саласы. Болашақ математика мұғалімі математиканы окытудын жалпы зандылыктарын, мақсат-мазмұнын, эдіс-тәсілдерін, методикалық зерттеулерді, есеп шығаруды және оларды оқушыларға түсіндірудің жолдарын окытудың техникалық және көрнекі құралдарын оқу процесінде пайдалану әдістемесін, оқушыларды оқу-ісіне жұмылдыру тәсілдерін, педагогика ғылымы мен озат тажірибе жетістіктерін мектеп практикасына батыл енгізу тәсілдерін жогары мектеп кабырғасында жүргенде игеруі тиіс.

     Математиканы окыту әдістемесі математика пәнінің ерекшеліктеріне негізделген оқу-тәрбие жүйесі жайындағы ғылым. Бұл жүйені менгеру математиканы окыту мен математика пәні аркылы оқушыларды тәрбиелеу кін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

     Математика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы оқушылардың акпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай акпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды жане Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шыгармашылык кабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен акпараттық мадениетін калыптастыру казіргі танда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр.

    Казіргі танда педагогика ғылымының бір ерекшелігі баланын тұлғалық дамуына бағытталган жана окыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Жана педгогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін манызы зор.

      Ал осы әдіс-тәсілдерді, яғни жана технология таратушы, оны жүзеге асырушы, үйретуші, өзінің шығармашылық енбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол мұғалім.

      Ұстаздардың алдына қойған міндет окытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру. Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға кажетті іскерліктер мен жағдай жасауға кажетті объективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.

      Жана педагогикалық технология мақсаты оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болу керек. Жана педагогикалық технология түрлері өте көп.

    Математиканы окытудағы негізгі талап оқушыға есептер шығара білу жолдары мен тәсілдерін үйрету. Интербелсенді тақтамен сабақ барысында кезде мұғалім, оқушы және интербелсенді тактамен карым-катынас жүргізіледі. Мұнда компьютер ойына үрдістер аркылы қозғау салып, окушылардың кұзіреттілігін дамытуға әсер етелі. Ең алдымен, оқушының ойлау қабілеті мен білімін арттыруға үйретемін. Сонан соң оқушы кейінгі және бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.

    Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға калыптастыру мақсатында жана технологиялар әдістерін кенінен колдану кажет.

    Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделі, әрі қиындығы мол, негізгі пәндердің бірі математика. Осы бағытта такырынттық карташалар мен алгоритмдер жинағының орны ерекше.

    Оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті дегеніміз окушының білімін жетілдірудегі, түрлі кажеттерді өтеуге байланысты белгілі максатка жетуге бағытталған процессті айтамыз, яғни мұғалімнің сабақ үстінде оқушыға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс түрлері.

    Ауызша есептеуге үйрету бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім. Ол уакыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелерін калай шығатыны, актық натижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға уакыт жұмсалмайды. Оған қоса кай тәсілді колдану окушының өз еркінде болғанымен, олардың барынша тиімдісін Іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік мол.

   Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің манызы зор. Сабакта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жон.

     Окушылардың сабакта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материаллар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы баска оқу құралдары жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Барлық ғылыми- техникалық білімнің көзі кітапка, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншіліrі мен кұрметін арттыру, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі. Әр сынып оқулықтары қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен қамтамасыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді оқушылардың сабақ үстіндегі кызметіне енгізу сабактың құрылымына да, элементтеріне де әсерін тигізеді.

     Математика ерекше құдіретті ғылым, ал математика пәнінің мұғалімі баланың бойындағы акыл, білім, парасат, сабырлық, шығармашылық қасиеттерін бойынан аша білетін тұлға. Қазіргі уақытта математика ғылымы кең етек алып дамуда. Сондыктан математиканы окытудың мазмұнын ашуды жүзеге асыру үшін жана акпараттық технология құралдары ауадай қажет. Казіргі акпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында колдану аркылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.

    Казіргі білім беру саласындағы оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін менгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу, математиканы кызыгырак, түсініктірек окыту мүмкін емес. Белсенді әдіс-тәсілдерді менгеру окытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және баска да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсер тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.


                                              Түркістан облысы Жетісай ауданыны

                                                        «Х.Доспанова атындағы № 28 жалпы білім

                                                         беретін мектеп»  коммуналдық мемлекеттік

                                                    мекемесінің математика пәнінің мұғалімі

                                      Тұрсынов Тұрабек Кәмілжанұлы

 

                                           

05 ақпан 2025 г. 30 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 22 241 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 22 963 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728