» » Өшпейтұғын артына із қалдырған

Өшпейтұғын артына із қалдырған

Пән мұғалімдері және оқушыларды қатыстыра отырып, математиканың қажеттілігі тақырыбына пікірталас ұйымдастыру

Мақсаты

Математика пәні мұғалімдерінің арасында олимпиада ұйымдастыру

Пән мұғалімдері және оқушыларды қатыстыра отырып, математиканың қажеттілігі тақырыбына пікірталас ұйымдастыру

Күтілетін нәтиже

Шығармашылықпен жұмыс істейтін математик ұстаздар анықталады

Оқушылар өз ойын тұжырымды жеткізе білуге дағдыланады, кәсіптік бағдар алады

Бағалау       критерийлері

Математикалық сауаттылыққа берілген есептерді шығара білуі

Олимпиадалық есептер шығаруда теориялық материалдарды пайдалана алуы

Құндылықтарға баулу

Ұстаздар мен оқушылар ынтымақтастық ортада жұмыс жасайды. Бір- бірімен араласа отырып, басқалардың  пікірлерін тыңдауға, шешімі табылмай   жатқан мәселені ақылдасып шешуге ұмтылады, өз пікірін ашық айтуға дағдыланады,  шығармашыл тұлға қалыптасады

Түрі

1-кезең олимпиада

2- кезең дөңгелек үстел

 

АКТ қолдану  дағдылары 

  Презентация , видеолар, есептер, альбом, көрмелер

                                                                       Барысы

Шараның жоспарланған кезеңдері

 

           Шарада орындалатын іс- әрекеттер

 

   Ресурстар

Ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Қонақтарды тіркеу
  • Олимпиаданың ашылуы                                                              Олимпиадаға қатысушы ұстаздарды құттықтау, олимпиада ережесімен таныстыру
  • Оқушылардың Нұрбатыр ағаға және ұстаздарға арнауы

Қош келдіңдер ұстаздар мектебіме,                                Қожбанбеттей дана баба мекеніне,                                                Құшақ жайып сіздерді қарсы аламыз,                                Шығыңыздар, қанеки, төрімізге!

Арда туған азаматтың бірі еді,                                                            Ер жігіттің үлгі тұтар пірі еді.

Ұрпақ үшін елдің жүгін көтерген,

Нұр тұлғалы парасатты ұл еді.

Туып- өсіп ержетті Қарасазда,

Осы өлкеден аттанды болашаққа.

Жоғары білім алып Алматыда,

Еңбек жолын бастады ауылында.

Ауданда білім бөлімін басқарыпты,

Қаншама игі істерді атқарыпты,

21 жыл табанды еңбек еткен,

Ұлы ұстазбен ел- жұрты мақтанады.

Жүректе ақыл, қайрат от өрілді,

Білімімен биікке көтерілді,

Республикалық институтта басшы болып,

Ұстаздар біліктілігін көтеріпті.

Бар өмірін ұрпағына арнады.

Қырандарша тек биікке самғады.

Облыстық, республикалық бәйгелерде,

Ауданның намысын ол қорғады.

Жақсылардан даналық сөз қалады,

Өшпейтұын артында із қалады.

Тұлпардың тұяғындай ұлыңыз бар,

Ғұмырың ары қарай жалғанады.

Адал жар Сәнияң мен ұл- қыздарың,

Жарқыраған көктегі жұлдыздарың,

Жүсіп, Сайран, Ақмарал, Ақботалар,

Өшпейтұғын артыңда шамшырағың.

Бұл күнде мектебіммен мақтанамын,

Академик Каден, Аужан, Серікбай ғалымдарым,

Байтұма, Тілеухан, Әділжан, Ұлтуған, Оразхан мен Батигүлді,

Математика патшалары деп айта аламын.

Ұлы есім ұстаздарға бас иеміз,

Біз үшін барлығыңыз киелісіз,

Нұрбатыр Орынбаев жүлдесіне,

Сәттілік баршаңызға біз тілейміз!

  • «Өшпейтұғын артына із қалдырған» Нұрбатыр Орынбаевтың еңбек жолына шолу
  • Тіршілікте қырандарша самғаған...
  • Орынбаев Нұрбатыр Жұмашұлы жайлы естеліктер
  • Психологиялық ойын- жаттығулар. Олимпиадаға қатысушы мұғалімдермен тренинг.    (Психолог Хасенова Дина)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд

Видео

Үлестірмелер

Парақшалар

Негізгі кезең

 

1.Олимпиада

 

 

2.Пікірсайыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс

Олимпиада 1- тур

Олимпиада 1- турды қорытындылау

Олимпиада 2- тур

Олимпиада 2- турды қорытындылау

«Математика. Кеше. Бүгін. Ертең» математиктер мен оқушылар арасындағы сыр- сұхбат

Қатысушы мұғалімдер мен оқушылар үш топқа бөлінеді

«Кеше»,  «Бүгін»,  «Ертең»

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қазіргі заманғы ғылыми- техникалық үрдістің даму қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер жүктеп отыр. Заман талабына сай, бәсекеге қабілетті жан- жақты жетілген кәсіби мамандар даярлауда математиканың алатын орны ерекше. Қандай мамандық саласын алсаңыз да, математикасыз оның болашағын елестетуге болмайды.

  • Математиканы ұғыну қиын ба?
  • Математика қажет пе?
  • Өмірде математиканы терең білмейтін адамға орын табу қиын ба?

Стратегия:  «Сен маған, мен саған»  Топтар аттарына сәйкес  бір- біріне сұрақтар қояды.

 

 Постер қорғау: Математиканы білудің қажеттілігін қалай көрсетер едіңіз?

1-топ Математика- кеше

2-топ Математика бүгін

3-топ Математика ертең

Шығармашылық тапсырма: 

1-топ Математикаға байланысты өлең жолдарын құрастыру

2-топ Математикаға байланысты қанатты сөздер ойлап табу

3-топ Математикаға байланысты ребус- жұмбақ құрастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Фазлдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түрлі түсті қағаздар, бояқтар

 

Бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек ...» әдісі

 

 

Қорытындылау

  • Сыр- сұхбат пікірсайысты қорытындылап, марапаттау
  • Аудандық олимпиада қорытындысы бойынша мұғалімдерді марапаттау

 






  

Амреева Райкуль Усмановна

Алматы облысы

 Райымбек ауданы 

Шалкөде орта мектебінің математика пәнінің жоғары санатты ұстазы,

 «Алаш ұстазы» медалінің иегері

                                  

                                      

16 ақпан 2019 г. 3 695 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 735 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930