» » Дарынды оқушыларға - талантты ұстаз

Дарынды оқушыларға - талантты ұстаз

Ұстаз - адалдықтан айнымайтын, абырой биігін аласартпайтын, сөзі салмақты, 

ойы орнықты, тазалыққа, турашылдыққа бағыт - бағдар беретін - біздің мақтанышымыз.


«Ұстаз болу - өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - дегендей ұстаздардың шәкірт тәрбиелеу жолындағы еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе бермейтіні анық. Ал талантты, өнерлі, шығармашыл балаларды тәрбиелеу және олардың нәтиже көрсетуіне ықпал ету, үлкен ыждахаттылық пен төзімділікті қажет етеді.

Қаратал ауданы Үштөбе қаласы Балалар шығармашылығы орталығы ұстаздары да осы жолда еңбек етуде. Шығармашылық орталықта жоғарғы санаттағы ардагер ұстаздармен қатар еңбекқор әрі жас ұстаздар қызмет атқарады. Ірге тасы сонау 1964 жылы қаланып арнайы музыка мектебі болып ашылып, 2001 жылы сәуір айынан бастап шығармашылық орталық болып өз бағытын өзгертіп жұмыс атқарып келе жатыр. Балалар шығармашылығы орталығында жиырма сегіз ұстаз арнайы аспап бойынша алты бағыт, он сегіз топтық үйірме болып жұмыс жасайды. Шәкірт бойындағы өнерге деген қызығушылықтарын оятып қана қоймай, олардың үлкен сахна төріне шығып өз өнерін көрсетуіне және де байқауларда жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп биік белестерді бағындыруына ықпал жасайды.

Орталығымыздың шәкірттері аудандық, облыстық мідени іс-шараларға белсене қатысады. Шәкірттердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы ұйымдастыру орталығымыздың басты міндеттерінің бірі. Үштөбе қаласы балалар шығармашылығы орталығы шәкірттерімен аудандық тақырыптық байқаулар, әдеби музыкалық кештер, сурет көрмелері, танымал тұлғалармен кездесулер сяиқты іс-шаралар өткізіледі. Мерекелік концерттерде орталығымыздың оқушылары аудан жұртшылығы алдында өз өнерлерімен ерекшеленеді. Дәл осындай концерттерде өнер көрсету балаларды сахна мәдениетіне үйретеді, шығармашылық тұрғыда өз шеберліктерін шыңдауға тәрбиелейді. Сахна төрінде бой көрсетіп өз талантымен ерекшеленген шәкірттеріміз бүгінде талай байқауларда топ жарды.

Атап айтсақ, Алматы қаласында өткен Халықаралық «Первые шаги» байқауында аспапта ойнау номинациясы бойынша Кенехан Аяжан домбыра аспабы жетекшісі Қанатбаев Төлеу Әбуұлы, Ким Кирилл фортепиано аспабы жетекшісі Кон Галина Николаевна Бас жүлде, «Балдәурен» домбырашылар ансамбілі бірінші орын жетекшісі Туткабекова Жанар Бурибаевна шәкірттері иеленді.

Дәл осы жылы шәкірттеріміз топ жарып Алматы қаласында өткен Республикалық «Жас талант» байқауында жүлделі орындарға ие болды. Серік Арлан, Ақынбек Әмина, Аманбек Айзада эстрада-вокал бөлімі оқушылары Бас жүлдеге ие болды, жетекшісі Толыбеков Сәбит Нұрғазыұлы.

Классикалық би, Қазақ би бөлімі шәкірттері де орталығымыздың абыройын арттырып облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда қанжығамызды майлады. Атап айтсақ, облыстық «Ақ шағала» байқауында орталығымыздың Алтынай үлгілі би ансамбілі заманауи би номинациясы бойынша Бас жүлде иегерлері атанды және Халықаралық «Жарық жұлдыз» байқауында Бас жүлдеге ие болды жетекшісі Нурпеисова Ақгүл Айтуғанқызы. Класиискалық би үйірме оқушылары Айтұмар би тобы Республикалық «Тәуелсіз ел ұрпақтары» атты байқауда Бас жүлдеге, Халықаралық «Жас талант» байқауында Бас жүлдеге ие болды жетекешісі Жантемирова Гүлбақыт Отанаманқызы.

Дәстүрлі ән, фортепиано бөлімі шәкірттерінің де орталығымызға қосқан үлестері зор. Талдықорған қаласында өткен Республикалық «Жас талант» байқауында фортепиано аспабында өнер көрсетіп Садуаксова Алмагул бас жүлде иеленсе, жетекшісі Сейдвалиева Ляйля Кенесбековна. Астана қаласында өткен бірінші Халықаралық «Жас талант» байқауында Нұрлан Кәусар Бас жүлде иеленді, Республикалық байқауда Әкімбай Қарақат, Жеңісұлы Даниял Бірінші орын, Рабекұлы Нұрқанат Екінші орындарды иеленді жетекшісі Қабанбаева Гүлмира Турсынгалиевна.

Бұл Үштөбе қаласы Балалар шығармашылығы орталығы шәкірттері мен ұстаздарының абыройлы жеңістерінің бір пұшпағы ғана десек қателеспейміз. Сахна төріне көтеріліп талай белес шыңдарды бағындырған шәкірттеріміз жайлы жазар болсақ таңды таңға жалғайтынымыз анық. Өнерлі өрендерімізбен ұлағатты ұстаздарымыздың бұл жетістіктері, ауыз толтырып айтуға тұрарлық. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - дегендей ауданымыздың атын асқақтатып, орталығымыздың абыройын көтеретін ұстаздарымызбен шәкірттерімізге өнер аспанында қанаттарыңыз талмасын дегіміз келеді.


Туткабеков Жұмағазы Серғазыұлы

Балалар шығармашылығы орталығының директоры

Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы

18 шілде 2023 г. 5 199 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 855 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930