Олимпиада ойындары. Етістік оның түрлері
Бөлім: | 7-бөлім. Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары |
Педагогтің аты-жөні: | Ниталиева А.О. |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Олимпиада ойындары. Етістік оның түрлері |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 6.1.5.1.Оқылым мәтіні мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру 6.4.4.2 етістіктің түрлерін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану; |
Сабақтың мақсаты: | - Мәтіннің тақырыбын анықтайды. Спортқа деген қызығушылығын арттырады. - Мәтіннен етістіктерді таба алады.Олимпиада ойындары жайлы білімдерін толықтырады. - Олимпиада жайлы тілдесе алады, қосымша мәліметтер береді. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 5 мин.
5 мин
Жаңа сабаққа кіріспе Мағынаны ашу. (10 мин.) | Сәлемдесу. Психологиялық ахуал қалыптастыру: - сынып реттілігін қадағалау; оқушыларды түгелдеу.; - оқу құралдарын байқау; Топқа бөлу. Олимпиада ойындары суреттері арқылы 3-топқа бөлу. «МЭНЭДЖ-МЭТ» әдісі арқылы 1 номерлі балалар тұрады, бір-біріне қол бұлғайды; 2 номерлі балалар тұрады, бір- біріне қол шапалақтайды; 3 номерлі балалар тұрады, жұдырықтарыңды тигізіңдер; 4 номерлі бала бес саусақтарыңды түйістіріңдер. Үй тапсырмасын тексеру: «Сиқырлы қобдиша» әдісі Оқушылар қобдишадан бүктелген қағаздарды суырады, есімі жазылған оқушы (әр топтан бір оқушы) үй жұмысын оқиды. Өзге топтағылар дұрыс немесе бұрыс екенін айтады. (1.Көз. 2.Кірпі. 3.Ара. 4.Түтін) Дескриптор: Жалпы балл-3 -жұмбақтың жауабын дұрыс табады; -есімдіктердің астын сызады; -есімдіктің түрлерін ажыратады; Оқылым алды тапсырмасы: СЖ. «Болжау» әдісі - «Чемпиондар» әні арқылы сабақ тақырыбын болжату. Ендеше, біздің бүгінгі тақырыбымыз «Олимпиада ойындары» Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлеріне тоқталу. - бейне жазба көру; - Олимпиада шеңберлері туралы не білеміз? Ой түрткі:(3-топқа) Оқулықтағы суреттер бойынша ой толғаңдар. Ойларыңмен бөлісіңдер. | 1-топ. «Еуропа елдері» 2-топ. «Америка елдері» 3-топ. «Азия елдері» 4-топ. «Австралия» елдері
Жауап: 1-ші суретте мүсін бейнеленген. Ол мүсіндегі адам қолына диск алып, оны ұзындыққа лақтырмақшы. Сол арқылы спорт олимпиадасына қатысып жатқаны бейнеленген. 2-ші суретте олимпиада нышаны – шырақ бейнеленген. Олимпиада тек шырақпен от жаққанда ғана басталады. рітүсер | Бағалау парағын үлестіру «Өзін-өзі бағалау»
ҚБ. Алтын, күміс, қола медальдар арқылы (қате санына қарай есептеледі) | АКТ |
Сабақтың ортасы 10 мин. (оқуға – 5 мин.; айтуға – 5 мин.) 6 мин. 1-мин. 3 мин. | ТЖ. Оқылым кезеңі. «МЭНЭДЖ-МЭТ» әдісі арқылы 5-тапсырма. Мәтінді түсініп оқиды, 1А – 2Б – 3А – 4Б-ға түсінгендерін айтады. Дескриптор: Жалпы балл - 3 -мәтінді түсініп оқиды; - бір-біріне түсіндіре алады.
Тілдік бағдар. «Етістік оның түрлері» (бейне жазба н/е слайд) Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін сипаттатайтын сөз табы. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті? Сергіту сәті: «Отыр-тұр» (8-тапсырма, «дұрыс» - «бұрыс») Оқылымнан кейінгі ЖЖ «Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Мәтіннен сөйлемнің жалғасын тауып, нүктенің орнына қойған етістікті дәптерге жазып, етістіктіктерді жасалу жолына және құрамына қарай талдаңыздар. • Отты өшіру ойынның аяқталғанын ...(білдіреді). • Олимпиада ұраны үш латын сөзінен құралып, «тезірек, биігірек» деген мәнде ...(жұмсалады) • Ежелгі Грекия Олимпиада ойындарының отаны деп... (саналады) • Прометейдің сыйға берген оты Грекияның қасиетті жерлерінде үнемі...(жанып тұрады) Дескриптор: Жалпы бал – 3 - тиісті етістіктерді орнына қояды; - етістіктерді жасалу жолына қарай талдай алады; -етістіктерді құрамына қарай талдай алады;
|
Мәтінді түсініп оқиды
Бейне жазбаға (слайд) назар аударады. Етістіктің анықтамасы мен сұрақтарын дәптерге жазады. Оқушылар қимыл жасайды
Есіңде сақта! 132-бетті оқу. Прометей – ежелгі грек мифологиясында алып, сақтар патшасы, құдайлардың зомбылығынан адамдардың қорғаушысы. Ақсүйек — қоғамдағы әлеуметтік топ. Дәстүр бойынша “қара халыққа” үстемдік етуші таңдаулы әулеттердің өкілдері Ақсүйек саналған. Барон - дворяндардың атағы Оқушылар қимыл жасайды | ҚБ. «Бірін-бірі бағалау» әдісі (1-4; 4-3; 3-2; 2-1) бағалау парақтарына ҚБ. «Жұдырық- алақан» әдісі бойынша өзіндік бағалау. (Толық түсінсе- алақандарын ашады, жартылай түсінсе- үш саусақтарын көрсетеді, түсінбесе -жұдырықтарын түйеді) | «Тыныштық белгісі» «Вай-фай» |
5 минут | Бекіту. «Микс-фриз-групп» әдісі
| Оқушылар билейді, қатып қалады, сұрақтың жауабын табады. Дискрептор: Жалпы балл - 1 -сұрақтың жауабынан жаңылмайды; | ҚБ. «Мұғалімнің бағалауы» - «Жарайсың!»«Жақсы!», «Әлі де ойлан!», «Талпын!» сөздерімен ауызша мадақтау; | |
Сабақтың соңы мин. 5 мин | Кері байланыс «Олимпиада сақинасы» Көк сақина – «қызықты» Қара сақина – «құнды» Қызыл сақина – «пайдалы» Сары сақина – «тосыннан» Жасыл сақина - «жаңа»
Үй тапсырмасы: 11-тапсырма (132-бет). Олимпиада ойындарына сипаттама бер. Өз сөзіңде етістік түрлерін қолдан. |
Рефлексия «Олимпиада медалдары» «Өзін-өзі» бағалау парағы арқылы мұғалімнің бағасы. Бағалау шкаласы: 8-10 балл - «өте жақсы» 5-7 – «жақсы» 3-4 - «қанағат»
|
|
БҚО, Тасқала ауданы, Мерей ЖОББ мектебі