» » "Қасқыр келді қалаға" музыкалық көрініс

"Қасқыр келді қалаға" музыкалық көрініс

 

Мақсаты: Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан тәрбиеленуші түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру. Бағдаршамның атқаратын қызметін еске түсіру. Музыканың сипатын бейненің мазмұнымен, оның көңіл-күйімен байланыстыра білуді қалыптастыру.

Көрнекіліктері: бағдаршам макеті, жол белгілері

Ғажайып сәт: балалар бөлме ішінде отырады. Сырттан қасқырдың ұлыған даусы шығады.

        Жетекші "Жол ережесі тәртібі" әнімен балаларды залдың бойымен еркін жүруге, орындарына тұрып билеуге, өз орындарын табуға үйретеді. Қимыл ырғақтарын әуенмен жасауды ұсынады. Қимылдардан шатаспай есінде сақтау үшін сөзіне мән беріп, бірге қосыла айтып жасауға үйретеді. "Бізге қонаққа Қасқыр келіпті. Ол жолдан өту ережесін білмей, сендерден көмек сұрап келіпті", - деп, Ж. Қалжанованың "Қасқыр келді қалаға" көрінісін кейіпкерлендіріп, сахналауға шақырады.

Қасқырдың ұлыған даусы шығады...

Жетекші: Балалар бұл кім? Қайдан шықты бұл дауыс?

Балалар: Қасқыр ғой!

Қасқыр есіктен кіріп келеді: Салем балалар! Мына жер тыныш екен мен осында сәл отырып дем алсам бола ма?

- Қорықпа кел отыр касымызға деміңді ал! Саған не болды? Сенің даусыңды алыстан естідік. Сен бұнда не істеп жүрсің?

Қасқыр: Мен таудан келдім қалаға. Қалада машиналар өте көп екен жаңа көп машиналар ортасында қалып қалдым қатты қорықтым.

- Сен бағдаршамның қай түсі жанғанда жүріп едің?

- Мен қызыл түсі жанғанда...

- Балалар қасқыр бағдаршамның қай түсіне жүру керек?

- Жасыл!

- Онда қасқырдікі дұрыспа?

- Жоқ!

- Қасқыр таудан келген соң жол ережесін білмей бұзған екен.

- Ал балалар сендер маған жол ережесін үайрете аласындарма?

- Иә, біз саған көмектесе аламыз.

Жетекші: Бүгін жолда жүру ережелерін, жаяу жүргіншілерге арналған белгілердің таңбаларын, аялдама таңбалардың белгісін есімізге түсіріп, қасқырға үйретейік. Есіктен бағдаршам кіріп келеді.

-Ой, балалар, бізге бағдаршам келіп қалыпты.

Бағдаршам: Қайырлы күн, балалар!

                       Менің үш көзім бар,

                       Бір көзім «кідір» дейді.

                       Бір көзім «абайла» дейді,

                       Бір көзім «қарап қалма» дейді.

                       Менің атым «бағдаршам»

                       Жақсы білем міндетімді,

                       Мекен - жайым тұрақты.

                       Мүдірмеймін ешқашан.

Жетекші: Балалар бағдаршамның түстері есімізге түсті ме? Онда, қай көзі қандай қызымет атқарады?

Балалар: Қызыл көзі жанғанда тоқтаймыз,

                  Сары көзі жанғанда дайындаламыз,

                  Жасыл көзі жанғанда жүреміз!

Бағдаршамның қасына Қасқыр келеді.

Қасқыр: Еркін өсіп далада,

                 Келдім бүгін қалаға.

                 Қиналдым көше тәртібін

                 Кіргізе алмай Санама. Музыка әуенімен қимылдар жасайды.

Желаяқ: Бағдаршамға қараймын,

                 Қараймын мен таңдана. 

                 Өшіп-жанған көзінің

                 Алмай сырын аңғара. Иә, Қасқыр, әлі күнге дейін жол тәртібін білмейсің бе? Жол жүрудің қадірін мен бес саусақтай білемін.  (Зуылдап жүгіріп өтеді).

Тұлпар: Ережесін көшенің

               Шемішкедей шағамын.

               Болмай ма екен тұлпардай,

               Баяу өте алатын.  (Ақырындап жүріп өтеді).

Қоян: Ой-ой, мына қасқырды

            Көріп тұрмын тұңғыш рет.

            Қайдан келген бұл өзі?

            Қалалықтан емес бұл. (Қасқыр қоянды көріп, артынан жүгіреді).

            Әй, әй, Қасеке,

            Не көрінді өзіңе,

            Қарасаңшы көзіңе!

            Бағдаршамға қиылып,

            Қараймын мен жымиып,

            Сары көзі жанғанда,

            Үлгеремін жүгіріп.(Қызыл да жанып үлгереді, артынан қасқыр жүгіреді).

Арыстан: Әй, қоян, бері кел, бері,

                   Әрі-бері жүгіре берме!

                   Ауылдан келген қасқырға

                   Үйрет мына ережені!

Қоян: Арыстан аға, құп болады!

           Тек қасқырға айтыңызшы,

           Мені қуа бермесін,

           Айтқанымды тыңдасын.

Арыстан: Кел бері, қасқыр, қасыма,

                   Сенің құлағың – қоянда,

                   Ал көзің бағдаршамда болсын! Түсіндің бе?

Қасқыр: Әй, Арыстан аға! 

                 Қоянға күнім түсті ғой.

                 Амал қанша, Қайтейін?

Қоян: (ескерту белгісі) Үшбұрыш қызыл көрінсе –

                                         "Абайла, Қасқыр!" (Тыйым салу белгісі) 

                                          Дөңгелек қызыл шеңберде –

                                         "Тоқтай қал, Қасқыр!" (Көрсеткіш белгісі) 

                                          Дөңгелек көк шеңбер ме –

                                          "Жолыңыз ашық".Түсіндің бе, Қасеке? Ха-ха-ха!

Қасқыр: Түсіндім, болды енді, ыржалақтай бермей! Арыстан кетер, күнім өзіме келер-р-р-р!

Арыстан: Жол тәртібін білейік,

                  Аман-есен жүрейік.

Қасқыр: Барар жерге асықпай,

Қоян: Аман-есен жетейік!

Аңдарды кейіптендірген балаларға қол соғып, ортада қошемет көрсетеді. Ертегіні пысықтап, сұрақтар қойылады.

 

 Әдемі Әскерханқызы Рахметова,

«Жетісу облысының білім басқармасының

Талдықорған қаласының білім бөлімі» ММ

«№4 ясли-балабақшасы» МКҚК, музыка жетекшісі

Педагог-зерттеуші


         

11 ақпан 2025 г. 411 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 23 937 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 23 473 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728