» » Блум таксономиясын сабақта қолдану тиімділігі

Блум таксономиясын сабақта қолдану тиімділігі

Мақсаты: Қазіргі заманғы ақпараттық технология ауқымды даму кезінде заман талабына сай мұғалімдерге баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыру мұғалімнің қолында  және Блум таксономиясы теориясы туралы айтып, тәжірибе алмасу, шешімін табу.

Күтілетін нәтиже: Блум таксономиясы туралы мағлұмат беру. Коучинг барысында мұғалімдер теория арқылы  түрлі тапсырмалар орындайды, білімді игертуге 6 қадамның тиімді екеніне көз жеткізеді.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, ынтымақтастық, топтық жұмыс.

Ресурстар: ватман, А3, маркерлер, интернеттен қосымша материалдар.

Сергіту: 

1.Ұйымдастыру. Амандасу. Тренинг «Танысу»- шеңберіне тұрып өзімнен бастаймын, қай мектеп, жаңа форматты оқыту туралы нақыл сөзден бастау, жалғастыру «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»-Ж.Аймауытов. Мұғалімдер одан әрі қарай жалғастырады.

2.Енді, семинар кітапша бағдарламасы бойынша үш топқа бөлінеді.

Коучинг дегеніміз не?

Коучинг дегеніміз - адамның өз проблемасын  өзі шешуіне көмектесуші. Коуч ешқашан кеңес  бермейді, тек жағдайды бақылап, бағытты түзетуге ықпал етіп отырады . Коучпен  жұмыс жасағанда адамның ынтасы күшейеді, өзіне сенімділігі артады, көңіл-күйі көтеріледі.

Блумның неше жүйесі бар?            

1 топ – «Білу, түсіну»

2 топ – «Қолдану, талдау»

3 топ – «Жинақтау, бағалау»

3. Слайд көрсетіледі, Блум таксономиясы туралы айтылады.

4-тапсырма «Тиін мен қасқыр» мәтіні бойынша жұмыс 5 сынып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні 3 топ 5-минуттан постер, сабақ жоспарын құрады, қорғайды. 

«Тиін мен қасқыр» ертегісін мәнерлеп оқу.

Ақ тиін бұтақтан-бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып оны жегісі келеді. Ақ тиін жалынып:

- Мені жеме, жібер,- дейді.

- Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт; неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер? Сонда, ақ тиін: Мені жіберіңіз, сонан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп сөйлер алар емеспін, - дейді. Қасқыр, ақ тиінді босатады. Ақ тиін ағаш басына шығып алып:

- Сен, қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады, сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін әр уақытта шат болып жүреміз,- депті. Тиінмен қоштасып, орманды ары қарай аралауды жалғастырамыз. Орманды аралап келе жатып, бір үлкен үңгірге кезігеді. Балалар бұл ненің үңгірі екен деп қорқа бастады. Ішінен қорылдаған дыбыс естіледі. Балалар одан сайын қорқа бастады. Балалар қорықпаңдар біз мына тапсырманы орындасақ, оның ішінде не барын білеміз. Мысалы, белгілі бір шығарманың, ақынның өлеңін терең түсініп оқу, оқушы алғашқы түпнұскасын оқиды, сөздік жұмыс жүргізу арқылы  топтық жұмыс барысында жасайды. 

1 «Тиін мен қасқыр» ертегісін аудио тыңдау арқылы оқушының зердесін ашу.

2 Түсіну суреттеу, жаңа сөз тіркестерін жасау арқылы  мән –мағынасын береді.

3 Қолдану деңгейі онда жаңа тақырыпта шеше алу үшін болжам жасайды, өлең қандай сарында жазылған, қалай суреттеген.

4 Талдау -эпитет , теңеу , шығармашылық ізденісбүгінмен байланыстыру.

5 Жинақтау - жинақтау кезеңінде оқушылар ойларын айтады.

6 Бағалау (өздері болса не істер еді....... ) сол кезде сергіту сәті орындалады, қорытындылайды.

•Сергіту сәті

•Әр топ өз жұмысын қорғайды, кері байланыс

•Өз ойларын айту.

•Кофе-брейк

Назарларыңызға рахмет!

Семинардың бағдарламасы:

 

08.30 - 09.00       Тіркелу

09.00 - 09.15       Семинардың ашылуы. «Білім берудің жаңартылған мазмұнына ауысу жағдайында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану»  Ермекова Л. Е. – АҚ «Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы Өрлеу» әдіскері 

Баймагамбетова Н. К. – қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес) кафедрасының меңгерушісі

 

Ашық сабақтар

 

09.15 – 09.35         Қазақ тілі мен әдебиеті. «Жаз айлары» 3кл                                                 

                               Сиюмова Р.Т. панорамалық сабақ

09.40 – 10.00         Қазақ тілі мен әдебиеті. «Әнел – ақылды қыз»  3кл

                               Сапиева А.К  сабақ фрагменті

10.05 – 10.25        Қазақ тілі мен әдебиеті.                                       

                              «Тауда мекендейтін аң-құс» 5кл                    

                               Каракова А.Б сабақ фрагменті

10.30 – 10.50        Қазақ тілі мен әдебиеті. 

                              «Толағай тауының тарихын айтшы»                        

                               6 кл. Алиева А.К. сабақ фрагменті

10.55  – 11.15        Сыныптан тыс сабақ. 

                               Өтежан Нұрғалиевтің 80  жылдық          

                               мерейтойына арналған

                              «Ақын есімі – ел есінде» атты поэзия кеші  

                               Утешова Ш.К., мектеп кітапханашысы                                

                               Уналбаева Г.К. 

11.20 – 11.35         «Бауырсақ» ертегісінің қойылымы 

                               5 кл. Данабаева Р.У

11.35 – 11.50         Коучинг «Блум таксономиясын сабақта            

                               қолдану тиімділігі.» Баймагамбетова Н. К.

11.50 – 12.00         Рефлексия. Ажымбаева А. К.      


Баймағамбетова Назгүл

№27 орта мектеп–лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі              

Ақтөбе қаласы

       

 

30 қаңтар 2019 г. 13 141 0

Похожие новости:

title
Сәндік натюрморт
Рухани жаңғыру және білім
title
Lesson Study аясында зерттеу жұмыстары
Рухани жаңғыру және білім
title
Сын тұрғысынан ойлаудың мәні
Рухани жаңғыру және білім
title
Иррационал теңдеулер
Рухани жаңғыру және білім

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 606 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930