» » ҚАЗҰУ-ДА «MAGNUM DAILY» Сауда желісі АШЫЛДЫ

ҚАЗҰУ-ДА «MAGNUM DAILY» Сауда желісі АШЫЛДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында «Magnum Daily» сауда желісі ашылды. Салтанатты шараға университет басшылығы, оқытушылар мен білім алушы жастар қатысты.

Айтулы күнді студенттер асыға күтті. Енді қалашық жастары азық-түлік алу үшін сырттағы супермаркеттерге барып әуреленбейді. Бүгіннен бастап жұмысын бастаған «Маgnum» жастарға азық-түліктің аса ауқымды түрін ұсынады. Заманауи үлгіде жасақталған супермаркет таңғы 9:00-дан түнгі 23:00-ге дейін жұмыс істейді. 300 шаршы метрді құрайтын супермаркетке 2300-ден астам тауар түрі қойылған.

«Университетте сапалы әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету бойынша жұмыстар күшейтілуде. Бүгінгі «Magnum daily» сауда желісінің ашылуы сол жұмыстың жалғасы. Бұл игіліктер университет ректоры Жансейіт Қансейітұлының бастамасымен жүзеге асты. Супермаркет оқу ғимараттары және жатақханаларға жақын орналасқан. ҚазҰУ студенттері мен қызметкерлерінен бөлек, бүгін жақын маңдағы қала тұрғындары да келіп жатыр», – дейді Басқарма мүшесі – қаржылық қызмет жөніндегі проректор Калилла Абдуллаев.

Ашылу салтанатына қатысқан студенттердің бірі механика-математика факультетінің 1-курс студенті Данагүл Адал бүгінгі ашылып жатқан «Magnum Daily» супермаркеті студенттер үшін тосын сый болғанын жеткізді.

«Супермаркеттің ашылуы біз үшін жағымды жаңалық. Бұрын қалашық сыртындағы супермаркеттерге барып, азық-түлік алатынбыз. Енді жатақхана жанында орналасқан супермаркеттен іздегенімізді табатын болдық. Уақыт үнемдейміз. Қалашықтағы басқа дүкендермен салыстырғанда бағасы едәуір арзан. Сонымен қатар, банк карточкасы арқылы да төлеуге болады», — дейді студент.

«Қалашықта студенттерге үлкен супермаркет өте қажет еді. Сол бастама бүгін жүзеге асып, «Magnum Daily» супермаркеті ашылып жатыр. Өте қуаныштымыз. Мұнда азық-түлік, жеміс-жидек, көкөністің кез келген түрі мен күнделікті тұрмысқа керектінің бәрі бар екен. Білім алушы жастарға қолайлы жағдай жасағаны үшін университет басшылығына ризашылығымызды білдіреміз», – дейді журналистика факультетінің 2-курс студенті Нұрмұхаммед Райымбек.

Айта кетейік, «Magnum Daily» супермаркетінде ашылуына орай тауарларға арнайы жеңілдіктер мен бонустық жүйе де қарастырылған.

Дереккөз: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Баспасөз қызметі

8-727-377-31-48

e-mail: farabipress@gmail.com

31 қазан 2022 г. 10 448 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 952 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031