ДАРЫНДАРДЫ БАСҚАРУ – HR СТУДЕНТТЕРІНІҢ БІРІНШІ ФОРУМЫ
Өткізу күні мен уақыты: 27 қазан 2022 ж. сағат 10:00
Өту орны: Астана қаласы, Корғалжын тас жолы, 8, КАЗГЮУ Университеті, Конференц холл, 5 қабат.
Барлық оң өзгерiстiң негiзi - адам капиталы. Ал сол активтi құнды ететін, үздiксiз дамытатын қазақстандық жоғары бiлiм ошақтарында HR мамандарының дайындығы, HR оқу бағдарламалары сапалы ма, заманауи үдерiс-талаптарға сәйкес пе, өндiрiс-әлеуеттi жұмыс берушiлермен байланыс тетіктері қандай, университеттердiң окытушы-қызметкерлерін кәсiби дамуға ынталандыратын HR стратегиясы бар ма? Көрiп отырғанымыздай, cұpaқ аз емес.
КАЗГЮУ Университеті мен Қазақстанның HR Қауымдастығымен бірлесе отырып, еліміздің жоғары оқу орындарындағы HR студенттеріне ерекше назар бөлу, оларға беріліп жатқан білім сапасын саралау мақсатында а.ж. 27 қазанда «Дарындарды басқару – HR студенттерінің бірінші форумын» ұйымдастырады.
Форумға М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев, ҚР HR Менеджерлер қауымдастығының Жалпы жиналысының төрағасы Әлихан Бәйменов, ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Альтаир Ахметов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мен Қазақстанның HR Ассоциациясы жетекшілері, Atameken Business медиахолдингінің бас директоры Қанат Сахария басқа танымал қоғам қайраткерлері, HR менеджерлер мен инфлюенсерлер қатысады.
HR-дың жоғары оқу орындарындағы оң өзгерістерді басқарудағы ролі, қазіргі HR студенттердің еліміздегі корпоративтік басқару мәдениетін дамытудағы әлеуеті төңірегіндегі өзекті сұрақтарға жауапты бірігіп іздеуге шақырамыз.
Қатысу үшін сілтеме арқылы тіркеліңіз: https://forms.gle/XD1jHkdychmZWN1V6
Қосымша сұрақтар төмендегі нөмірлер бойынша (тек WhatsApp): +7 (747) 926-02-60 (Айдар), +7 (706) 107-01-76 (Гүлжанат). Қатысу бойынша +7 701 221 2186 Айман Увалиеваға хабарласыңыз.
Дереккөз: КАЗГЮУ