» » Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі

Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі


Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарын үйрету «Қазақ дастарханы» туралы түсінік беру оқушыларға ұлттық тағамдар туралы мәлімет беру,олардың түрлерімен таныстыру сөздік қорларын, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.

















Оқушылар: қазақтың  дастарқаны туралы толық  мәлімет алу, салыстыру. Тапсырмаларды орындау  барысында  өз  ойларын  жүйелі алады, шығармашылық  жұмысқа  белсене  қатысады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұхбаттасу,  сөйлесім, тыңдалым, жазылым әрекеттері, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Слайд, ұлттық  тағамдар суреттері, видеоролик

І. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Кіріспе.


Қызығушылық ояту

Жүру  барысы: 

Тәрбиеші:

Наурыз  тойың, құтты болсын,

Құтты болсын халайық.

Күй төгілсін,  ән төгілсін,

Шырқап әнге салайық.

Ән: «Наурыз-көктем» Фатима


 


 



Тәрбиеші: 

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!
Мал біткеннің бал татыған уызды,
Қуат болып қанымызға тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
«Аман ба» деп мал жаның?
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсін! 

Оқушылар лебіздері:

Амиржан:

Армысың Наурыз,
Қуаныш боп, кір төрлет!
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый – құрмет!

 Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Жыл басы - Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.

Қ.Нұрасыл: 

Наурыз – шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарханға толған асы.

 

Ажар:

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.

Зульфия: Қауышып қайта оралған наурызға,
Ерніміз әрез тиді сары уызға.
Науалап нәр құйылып, нұр жүгірді,
Ағарып бара жатқан қанымызға.
Қақ жарып әділдіктің қара қылын,
Келдің бе гүлге оранған Жаңа Жылым.

Қыдырәлі:

Өніп еккен дәніміз.
Бүршік жарды бағымыз.
Сәскеде – жаз
Түнде – қыс
Секілді екен наурыз.
Төлдеп жатыр малымыз
Қазан толы сары уыз.

Альбина:

Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата – бабам тойлаған
Әз – Наурызым, армысың!

Мадияр:

Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып
Ел болып қарсы алайық!
Шашуларын шашайық!

(шашу  шашу)  

Тәрбиеші:

Қазақтың ұлттық тағамдары ,

Жасымнан жақын маған бәрі.

Теңгермес ем оларға мен ,

Ешбір асты ғаламдағы.

Мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі қазақтардың негізгі тағамы – ет пен сүттен жасалған . Биенің сүтінен қымыз , түйе сүтінен шұбат дайындаған. Сиыр , қой мен ешкі сүтінен қаймақ , май ,ірімшік, айран , қатық ,сүзбе , құрт т.б. тағамдар жасаған .Қастерлі тамақтарының бірі – тары. Қуырып ақтаған тарының жармасына сары май мен шекерді араластырып жент дайында –

ған. Тарыны түйіп , тары көже пісірген.Жылқының жал , жая , қазы , қарта , шұжығы кәделі ас саналады.Құрт езілген сорпа ішкен .Бауырсақ , шелпек , кеспе , көже және күріштен сүт ботқа мен күріш көже   дайындаған .

 Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы:  «Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі»


Темірлан: Армысыздар  ұстаздар, оқушылар!
Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!
Бүгінгі жәрмеңкені біз бастайық,
Жәрмеңкеде көңілменен қол соғалық.
Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.

Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.
Бағына бақытты елдің туған  ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Бүгінгі 3» «б» сынып оушыларын
Жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз
.

Ш.Нұрасыл: Уа халайық «Абай» , «Ыбырай», «Мағжан» ауылдарында  жәрмеңке өтеді. Келіңіздер, келіңіздер!

Бірінші ауыл: Абай ауылы (Ұн  және дақылдардан жасалған тағамдар)

Екінші ауыл: Ыбырай ауылы  (ет тағамдары)

Үшінші ауыл: Мағажан ауылы (сүт тағамдары)

1.«Абай ауылы» Нан және дақылдардан жасалған тағамдар

Темірлан: Ассалаумағалейкум! Біз сіздердің ауылдарыңызда жәрмеңке өтіп жатыр дегенді естіп келе жатырмыз. Бізге  ТШО  компаниясынан  қонақтар келді. Біздің елдің салт-дәстүрімен, қонақжайлығымен  танысқылары келеді. Мынау Джон мырза. Ал мына кісі Васелиса ханым.

Қыдырәлі: Жәрмеңкемізге қош келдіңіздер! Абай ауылында ұн  және дақылдардан жасалған тағамдар  дайындалған.

Зульфия: Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен  нәрсе жоқ. «Ас адамның арқауы, жаман ауруға жақсы ас», «Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады».

Бауырсақ 

Қыдырәлі: Бізге  ғана тән,

Қызыл – күрең бауырсақ

Дастарқанға сән

Шелпек

Зульфия : Ата , бала жер тегін .

Әжеміздің асықпай

Майға піскен шелпегін

Талқан


 Мадияр: Жесең бидай талқаны ,

 Кептіреді аңқаны

                Жент

Қуандық: Опырып үгіп – үгіп жейтін .

Қазақ жасар жентін

                              Тандыр нан

Зульфия : Ұнатар бар балдырған ,

 Томпақ  жұмсақ , таба  нан  

Амиржан (Джон): What kind of food are these? How do these dishes work? (бауырсақ,шелпек,табанан)  (Бұл қандай тағам? Бұл тағамдар қалай жасалады?)

Фатима (аудармашы): This is said to be a piece of bread or flat bread, a baubless. (Бұл  шелпек немесе жалпақ  нан деп аталады.)

Зульфия: Мына тағамды шелпек немесе жалпақ  нан деп атаймыз. Шелпекті садақаларда пісіріледі. Ал жалпақ  нанды  әр жұма сайын пісіріп қайтқан  кісілерге құран оқып бағыштаймыз. Ал мынау бауырсақ  дәмі керемет дәмін татып көріңіз. Бауырсақты кез келген уақытта мерекелерде пісіре беруге болады.

Зульфия: Дәмін татыңыздар. Алыңыздар

 

Васелиса  ханым: Мне очень интересно  как делаютсия это блюда?

 Тары мен талқан, жентті  қалай дайындайды ?(видео көрсету)

Қыдырәлі: Бізде жеті түрлі тағамды қосып наурыз көже пісіреді және ішсең шөліңді қандыратын көжеміз тағы бар.

 

Фатима (аудармашы): March kebabs are baked and there is still a cocoon for the desert. Наурыз көже пісіріледі екен

Амиржан (Джон): Oh, can I taste Nauryz kozhe? How tasty is Nauryz? (О наурыз көже оны қалай пісіреді?)

Фатима (аудармашы): Нурыз көженің жасалу жолын білгісі келеді?

 (видео көрсету)

Зульфия: Өздеріңізге ұнаған тағамды сатып алуға болады

 ( Келген қонақтар долларға сатып алады)

Амиржан (Джон): Your cuisine was delicious. The tongue is tense. I will cook your meals in my own country and make friends. Be healthy!

Васелиса  ханым: Да очень вкусно. Спасибо

Тәрбиеші:

Домбыра мұнша шешен болдың неге?

Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін

Саусағым тиіп кетсе ішігіңе
Күйді тамашалау: «Қоңыр» Шадат Нұрасылдың орындауында

II. «Ыбырай ауылы» Ет тағамдары.  

Темірлан: Ассалаумағалейкум!  Бізге ТШО компаниясынан қонақтар келген. ТШО компаниясынан келген қонақтарды  қазақтың ұлттық тағамдарымен таныстырып жүрміз.  Мынау Джон мырза.  Ал мына кісі Васелиса ханым.

Ш.Нұрасыл: Біздің ауылымызға қош келдіңіздер!  Қазақтың ұлттық тағамдарының  ішінде еттің орны ерекше. Eт дәмділігімен және өзінің құрамындағы адам организміне пайдалы белоктық  заттармен  құнды. Үлкен тойларда, тағы басқа жиындарда мал сойылып, меймандарға табақ тартылады. Алуан турлі қуырдақ, бешбармақ, бұқпа, көмбе, сырбаз секілді тағамдар дастарқанымыздың қадірін арттыра түседі.

Васелиса  ханым: Здраствуйте. Я приехла ваш  край  из Москвый. Я здесь часто бываю. Мне Казахстан очень  нравится. Особено казакские  блюда бешбармак, куырдақ, қазы-қарта

Қуырдақ

Ажар: Өкпе , бауырдан жасар ,

Дәм бар ма одан асар.

                                                  Құйрық – бауыр

  

Бағытжанова Мейрамгүл Бағытжанқызы


Жасұлан: Құйрық – бауыр жасап ,

             Тұз сеуіп жедік асап

Амиржан (Джон): O queen or beshbarmak? What is that food?

Фатима (аудармашы): I am Kazakh national dish. Made from meat.

Амиржан (Джон): From meat. What does it say? How does meat benefit a person?  (видео көрсету) Жылқы, түйе, қой, сиырШ.Нұрасыл: Бешбармақ жылқы, сиыр, қой, түйе етін дайындалатын тағам. Сонымен қатар Қазақ сыйлы қонағына бас тартқан.

Қуырдақты жылқы етінен дайындағаған өтте дәмді шығады. Жылқының еті қатпайды, майы тоңазымайды) Жылқы етінде көмірсулар аз және ол жеңіл сіңетін ақуызға бай. Жылқы етіндегі ақуыз құрамындағы аминқышқылдар себепті, жылқы еті сиыр не қой еттеріне қарағанда жылдам қорытылады. Жылқы етінде холестерин аздаған ғана мөлшерде кездеседі. Сонымен қатар, жылқы еті қандағы холестерин мөлшерін төмендетуге ықпал етеді. Аталмыш еттің құрамында А, С және В тобы дәрумендері бар. Ет құрамы темірге бай болғандықтан, оны жеу  қан аздықтан зардап шегетіндер үшін өте пайдалы.

Жасұлан:Қой етінде пайдалы көмірсу қосындылары, темір, фосфор, ақуыз мол. Етті семіздіктен арылу үшін, әлсіздікке қарсы, босанған әйелдердің денсаулығын жақсарту мақсатында пайдаланады.

Сойылған жас малдың етін және сорпасын науқас адамға, іш ауруына байланысты үздіксіз берсе, денсаулығы жақсарып, іштегі жел қайтады.

Қой етін күйдіріп, көмірін сірке суына салып, жылан, шаян шаққан жерге таңса, уытты қайтарады, сыздап ауырғанды басады.

Еттін сылынып алынған сүйектерді бөлшектеп, ұзақ қайнатып, сорпасын мешел балаларға күніне екі-үш рет ішкізсе, нәтижесі тәуір.

Қойдың етіне қайнатылған су қосып сұйылтып, күніне екі рет көзге тамызса, жанардағы аққа ем. Денедегі теміреткінің бетін спиртпен тазалап, өтті бірнеше күн жағады.Шаштың арасы бөртіп кеткенде сабындап жуып, сумен сұйытылған өт жуындысымен шашты жуса, бөрткен жоғалады.

Малдың бауырын қаны аз, денесі әлсіз, көру қуаты төмендеген ауруларға береді.Кешкілік көзі көрмейтіндерге малдың 100 грамм таза бауырына сарымсақтың екі – үш үлесін қосып, күніне бір реттен екі апта жегізсе, көздің көруі жақсаратын болады.

Зульфия: Түйенің сүті, еті, жүні пайдаланылады. Сүтінен емдік қасиеті бар шұбат, май, сыр, дайындалса, еті тағамға қолданылады, ал жүнінің 85%-ы таза, өте бағалы түбіт.

Темірлан: Әлемде ең көп таралып, көп тұтынылатын – сиыр сүті. Ол айтарлықтай тәтті. Оның құрамында адамға қажет аминқышқылдармен қамтамасыз ететін құнарлы ақуыздар, сүтті май, А, B1, B2, B12, D дәрумендері, кальций, калий бар. Соңғы аталғандары сүйектің саулығын қамтамасыз етеді. Сиыр сүті қан аз болғанда, бүйрек, жүрек-қан тамырлары ауруы кезінде көмектеседі.Амиржан (Джон): Awesome! Foods that are healthy are in Kazakhstan.

Васелиса  ханым: Казакстане  очень   много полезное еды каторый мы незнаем.

(Өздеріне ұнаған тамақтарын сатып алады)

Амиржан (Джон): I enjoyed the five-fingers, the goose-card. I'll give it to my family when I travel to my country. See you soon

Васелиса  ханым: Я часто буду приходить  гостю. Досвидания

Тәрбиеші:

Ән - көңілдің ажары,
Думан тойдың базары.
Әнге аусын бір мезет,
Көпшілік қауым назары.
Ән: «Дастархан» Рахманның орындауында

III. Мағажан ауылы (сүт тағамдары)  Аманат, Нұрасыл, ЗульфияТемірлан: Ассалаумағалейкум! Біз  «Абай» , «Ыбырай»  ауылдарында болып жатқан жәрмеңкеде болып қайттық. Сіздердің ауылдарыңызда да жәрмеңке өтіп жатыр екен. Біз ТШО  компаниясынан  қонақтарынды  ерте келдік. ТШО компаиясынан келген қонақтар  біздің елдің ұлттық тағамдарына қызығушылық танытып отыр.Мынау Джон мырза.  Ал мына кісі Васелиса ханым.

Аманат: Мағжан ауылына қош келдіңіздер! Ұлт тағамдарының негізі болып табылатын сүт тағамдарының  орны бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды. Сүттен қымыз, шұбат, қатық, малта, май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ, айран сияқты тағамдар жасаған.Сүт тағамдарының қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы.

        Қымыз

Қыдырәлі : Сары , дәрі қымызым ,

                  Бұрқыраған иісі

                  Мұрныңнан кетпес күн ұзақ

                          

                                 Шұбат

Альбина:      Ішіп көрген шұбатты ,

Дәмін бірден ұнатты.

Денсаулыққа пайдалы

«Зәм – зәм » суы сияқты

                                 Құрт

Қуандық:  Томпайып ұртты ,

Сорамыз құртты

Құртты өкпе, асқазан, сүйек ауруларына ем және суық тиіп ауырғанда сорпаға қосып ішкен дұрыс. Дәрігерлер қазіргі кезде балаларға құртты үнемі жеуді ұсынады.

                                                      

                                          Уыз

Жасұлан :        Сиыр бұзау туысымен ,

Екі - үш күн жеймін уызын мен

Уыз - жаңа туған сәби мен жас төлдің ауруға шалдықтырмайтын ерекше құрамдар көп бөлшекте болады. Мысалы: белок жай сүтте қарағанда 4 - 8 есе артық, дәрумендер Д, Е, В - 2, РР, В - 12 және темір 3 - 6 есе артық, сонымен қоса минералды элементтер де жоғары болады.

                                

Айран

Мадияр :       Үйдің ұйтқан айраны

Асқазанға пайдалы

Айранның құрамындағы қышқыл асқазан ауруына пайдалы

                            

  Гүлжанар:            Қаймақ

                       Пісіріп сүтті қайнатты ,

 Кілкіп ап жедік қаймақты .

                                               

                                        Сүт:

Ш.Нұрасыл: Ыстық-ыстық сүт ішсең,
                        Дәмі кетпес таңдайдан.
                        Бой жадырап кенеттен,
                        Буы шығар маңдайдан.

Альбина: Қонақтарға шұбат, қымыз  құйып беру

Амиржан (Джон): What's tasty. There is a desert. Your mouth does not taste. What is a circular slice?

Фатима (аудармашы): Kurt. The worm carries milk, cottage cheese and worms

Васелиса  ханым: Вкус этого верблюда. Вкусный.

Амиржан (Джон): Today I got acquainted with the customs and traditions of the Kazakh people. I was amazed at seeing national costumes. Thank you. When I go to my country I will tell the hospitality of the people of Kazakhstan, to my friends about the benefits of national cuisine to the human body. Be healthy!

Фатима (аудармашы): Сіздерге үлкен ризашылығын білдірді. Қанша ел араласамда қазақ халқындай қонақжай халық көрмегендігін, қазақтың  ұлттық тағамдары мен ұлттық киімдеріне тәнтті болғанын айтты.

Васелиса  ханым: Я горжусь казахским народом. Возможно, у казахского народа нет  широкого сердца или гостеприимного народа.Ваша кухня была вкусной. Мы узнали, насколько полезны четыре казахских животных. Большое спасибо! Будьте здоровы!

Темірлан: Джон мырза, Васелиса ханым  қазақта мақал бар «орамал тон болмайды , жол болады»  - деген   біздің қазақтың  ұлттық  шапанын  қабыл алыңыздар! 

Қортынды:

Тәрбиеші:  Біз  әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз. Барлық  игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек тек қана қуаныш әкелсін. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын!

Ән: «Наурызым»

                                                

Қымыз

1- оқушы : Сары , дәрі қымызым ,

Бұрқыраған иісі

Мұрныңнан кетпес күнұзын

Шұбат

2 –оқушы :Ішіп көрген шұбатты ,

Дәмін бірден ұнатты.

Денсаулыққа пайдалы

«Зәм – зәм » суы сияқты

Бауырсақ

4- оқушы : Біз ғана тән ,

Қызыл – күрең бауырсақ

Дастарқанға сән

Шелпек

5– оқушы : Ата , бала жер тегін .

Әжеміздің асықпай

Майға піскен шелпегін

Талқан

6- оқушы : Жесең бидай талқаны ,

Кептіреді аңқаны

Палау

7- оқушы : Жеңсік ас деп қалаулы ,

Ұнатамыз палауды

Шыжық

8- оқушы : Қазақтың бір қызығы ,

Нан қосып жейтін шыжығы

Ірімшік

9- оқушы : Дастарқанды жайнатқан ,

Ірімшікті қайнатқан .

Жент

11- оқушы : Опырып үгіп – үгіп жейтін .

Қазақ жасар жентін



Бағытжанова Мейрамгүл Бағытжанқызы

Атырау облысы білім беру басқармасының
«Облыстық арнайы  мектеп-интернат»
коммуналдық мемлекеттік мекмесі»
Бастауыш сынып мұғалімі
09 ақпан 2019 г. 11 204 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 052 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 815 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930