» » Павлодар облысы бойынша "Мың бала" ауыл мектептеріне арналған бірінші Ұлттық олимпиаданың қорытындысы

Павлодар облысы бойынша "Мың бала" ауыл мектептеріне арналған бірінші Ұлттық олимпиаданың қорытындысы

Талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі Елбасының «Ел үміті» бастамасының аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлесіп биыл алғаш рет ауыл оқушыларына арналған "Мың бала"ұлттық олимпиадасы өткізілді.

Ұлттық зияткерлік олимпиаданың І турына 7232 оқушы қатысты, оның ішінде бесінші сыныптан– 3676, алтыншы сыныптан– 3556.

Екінші турға ағымдағы оқу жылының І және ІІ тоқсанындағы бағалау нәтижелері негізінде 6 пән бойынша 200 оқушы өтті (100 – бесінші сынып оқушылары, 100 - алтыншы сынып оқушылары).

«Мың бала» ұлттық олимпиадасының екінші кезеңі 2020 жылдың 21 тамыз айында Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында, Ақтоғай ауданы М.Қайырбаев атындағы орта мектебінде және Баянауыл ауданы Ш. Айманов атындағы мектеп-интернатында өткізілді.

 «Мың бала» бірінші ұлттық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 152 оқушы қатысты, оның ішінде бесінші сынып оқушылары – 73, алтыншы сынып оқушылары – 79.

Қатысушылар функционалдық сауаттылық пен абстрактілік-логикалық ойлау бағалауды қамтитын компьютерлік тестілеуден өтті.

«Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының қорытындысы бойынша 58 қатысушы (38,1%) жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде 29 - бесінші сыныптан (39,1%), 29 – алтыншы сыныптан (37,1%).

Оның ішінде:                                            

  • Ақтоғайауданы  – 6  (5 сынып - 1, 6 сынып - 5), (50%);
  • Аққулы ауданы – 3  (5 сынып - 2, 6 сынып - 1), (30%);
  • Баянауыл ауданы – 6  (5 сынып - 1, 6 сынып - 5), (42,8 %);

-   Павлодар қ.(ауылдық аймағы)– 5  (5 сынып - 4, 6 сынып - 1), (50%);

-   Екібастұз қ.(ауылдық аймағы)– 2 (5 сынып - 0, 6 сынып - 2),(33,3 %);

-  Ақсу қ.(ауылдық аймағы) – 4  (5 сынып - 1, 6 сынып - 3), (25%);

-  Железинауданы  – 4  (5 сынып - 2, 6 сынып - 2), (57,1%);

  • Ертіс ауданы – (5 сынып - 4, 6 сынып - 1), (50%);
  • Май ауданы – 4  (5 сынып - 2, 6 сынып - 2), (33,3%);
  • Павлодар ауданы – 8  (5 сынып - 6, 6 сынып - 2), (28,5%);
  • Тереңкөл ауданы– 2  (5 сынып - 2, 6 сынып - 0), (28,5%);
  • Успен ауданы  – 3  (5 сынып - 1, 6 сынып - 2), (75%);
  • Шарбақты ауданы – 6  (5 сынып - 3, 6 сынып - 3), (35,2%).

 

Олимпиада қорытындысы бойыншаең жоғары балл жинаған 6-сыныптың 30 қатысушысы республикалық физико-математикалық мектепте (Алматы қ.филиалы) қабылдануға ұсынылды, оның ішінде Павлодар қаласы Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің 6 сынып оқушысы Аманбек Жұбаныш (81 балл). 

6-сыныпты аяқтаған жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің квоталарына сәйкес оқуын «Білім-инновация» лицейлері мен «Дарын» мектептерінде жалғастыруға мүмкіндік алады.

Облыс мамандандырылған білім беру ұйымдары «Мың бала» ауыл мектептерінен Ұлттық зияткерлік олимпиаданың жеңімпаздары үшін 7-сыныпқа қабылданатын білім алушылардың жалпы санының 10% мөлшерінде квота бекітті.

Облыс бойынша барлығы 19 орын бөлінді: 

  • дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей – интернаты – 3,
  • дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей – интернаты – 3,
  • дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы көптілді лицейі  – 3,
  • Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы – 6,
  • Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебі – 3,
  • облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты – 1.

Еліміздегі дарынды балаларға арналған мектептердің басым бөлігі оқушыларды 7 сыныптан бастап қабылдайды. Сондықтан 5 сынып аяқтаған жеңімпаздар Елбасы Академиясының қашықтан оқыту мектебінде олимпиададан кейінгі сүйемелдеуге ие болады.

Елбасы Академиясының қашықтан оқыту мектебінде әр қатысушыға жеке даму жоспарын құруға көмектесетін тьютор бекітіледі, ол оқушымен бірге жеке даму жоспарын жасайды. Қашықтан оқыту мектебігһнде білім алу ақысыз ұйымдастырылады.

Еліміздің үздік мектептерінің жетекші ұстаздары балалардың жаратылыстану-математикалық бағыт және тілдер бойынша білімін шыңдайды. Жобалық іс-шаралар да қарастырылған. Бір жыл ішінде қатысушылар келесі жылы дарынды балаларға арналған мектептердің 7-сыныбына түсу үшін білімдерін жетілдіре алады. Сабақтар 2 тілде (қазақ және орыс) өткізіледі. Кері байланыс портал, аудио және бейнеконференциялар, телеграм мен whatsapp мессенджерлерінде хабарлама алмасу арқылы жүргізіледі.

Олимпиаданың екінші кезеңінің қатысушылары Елбасы Академиясының қашықтан оқыту мектебінің білім ресурстарына тегін кіріп өз бетінше білімін шыңдай алады. Олар үшін қосымша сабақтар және пән мұғалімдері тарапынан кеңес алу кестесі бекітіледі.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру 

оқу-әдістемелік орталығы

 

03 қыркүйек 2020 г. 19 170 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 314 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 636 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031