» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

 Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, асыл қазынасы. ХХІ ғасырда адам баласының басына төнген қауіпті дерт– нашақорлықтың кең жайылуында. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талайы ауруларға ұшырауда. Сол себепті адамдар денсаулығына немқұрайлы қарамай, мүмкіндігінше  есірткіден аулақ болу керек. Өмір - өмір сүру үшін беріледі. Біздің ата - бабаларымыз кең далада еркін өсті. Олар ойын да, бойын да таза ұстады. Ақыл - ойды улап, адамды есінен тандырып, мас қылатын арақ - шарап дегеннен аулақ болды. Ата - бабамыздың ең сүйікті сусыны - дертке дауа, жанға шипа қымыз еді. Балалар ұлттық ойын ойнап, шынығып, шымыр болып өсті. Сондықтан «Денсаулық - зор байлық», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз.Ел ертеңі жастардың, яғни біздің қолымызда. Мағжан Жұмабаев ақынымыз  жырлағандай:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін – деп бүгінгі өскелең жас ұрпақтың бойынан айбындылықты, қайсарлықты айтып кеткен. Сол себепті біз өз-өзімізді тәрбиелеп отыруымыз керек деп ойлаймын.

         Есірткіге бір берілген адам өмір бойы жылап өтеді. Тек өзі ғана емес, ата - анасын, бауырларын, жанашыр жақындарының бәрін де қоса жылатады.Нашақорлық - қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата - аналар және өзіміз күресуіміз керек.

Есірткі –бұл ағзаны шірітіп жоятын химиялық зат. Нашақор есірткісіз өмір сүре  алмайды. Бір рет пайдаланғаннан кейін  сол есірткіге  тәуелді болып қалады. Есірткілерді сирек қолдануды өз бетімен тоқтату өте қиын. Оңайы- оларды қолдануды бастамау.

          Өз тағдырыңыз – өз қолыңызда. Адам өмірге бір-ақ рет келеді, оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді. Өзіне сенімді адам ғана

өзгелердің,теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады. Өз қоғамына пайдалы азамат болам десе – нашаға әуестенбесін! Өйткені біз тәуелсіз еліміздің

болашағымыз!

#УПНДПКЗО


Қызылорда қаласы, Қарауылтөбе ауылы,

 А.Хангелдин атындағы №179 орта мектебінің

 5 «А» сынып оқушысы Мейрамбекқызы Ақерке,

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бақбергенова Нұрсила

12 қаңтар 2021 г. 18 451 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 052 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 815 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930