» » Әскери байланысты ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіру

Әскери байланысты ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіру

   Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында әскери байланысшылардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Бас штаб Байланыс департаментінің әскери қызметшілері, Алматы гарнизоны әскери бөлімдерінің, ҰҚК Шекара академиясының мамандары, байланыс әскерлерінің ардагерлері, қазақстандық жоғары оқу орындарының, ғылыми-техникалық орталықтардың өкілдері жаңа құралдар мен жабдықтарды енгізудің өзекті мәселелерін талқылады. Онлайн форматта өткен іс-шараға көршілес Қырғызстан мен Ресейдің әскери байланысшылары мен оқу орындарының оқытушылары да қатысты.

Ғылыми форумға қатысушыларды құттықтаған Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы полковник Қайрат Дауытов армияның жауынгерлік дайындығын арттыруда цифрландырудың маңыздылығын атап өтті.

– Цифрлық технологиялар бүгінде қарыштап дамып келеді. Қару-жарақ пен әскери техниканың жауынгерлік тиімділігі қажетті ақпаратты жинау мен талдауды қамтамасыз ететін заманауи ақпараттық жүйелермен жабдықтауға байланысты екенін көріп отырмыз. Сол себепті әскерилер уақыт талабына ілесіп қана қоймай, бір қадам алда жүруі керек, – деді полковник Қайрат Дауытов.

Конференцияға қатысушылар байланыс әскерлерінде жүргізіліп жатқан жаңғыртуға, сондай-ақ халықаралық оқу-жаттығулар барысында заманауи жүйелер арқылы басқаруды ұйымдастырудың мәселелеріне ерекше назар аударды.

Форумға отандық және шетелдік жоғары оқу орындары мамандарының, ғалымдары мен оқытушыларының елуден астам мақалалары мен ғылыми еңбектері жіберілді. Онда озық тәжірибелер қарастырылып, Қазақстанның және басқа елдердің Қарулы күштеріндегі байланыс құралдарының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы айтылған.

ездесу қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді. Оларды іске асыру әскерлерді басқаруды ұйымдастыру деңгейін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді. Оларды іске асыру әскерлерді басқаруды ұйымдастыру деңгейін жетілдіруге мүмкіндік береді.


ДЕРЕККӨЗ:Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты

баспасөз хатшысы Жанар Амиржановна

03 желтоксан 2022 г. 878 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 063 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 821 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930