» » Қыркүйектен бастап жамбылдық мұғалімдердің жалақысы өскен

Қыркүйектен бастап жамбылдық мұғалімдердің жалақысы өскен

Биылғы оқу жылынан бастап жамбылдық мұғалімдердің жалақысы өскен. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған облыс активі жиналысында мәлімдеді. Бұл туралы "Edunews" AA Arainews.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

– Мемлекет басшысы  ұстаз беделін арттыру мәселесін ұдайы көтеріп келеді. Жолдауға сәйкес келесі жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданады. Заңда педагогтың әлеуметтік мәртебесін көтеретін стимулдар, оқу жүктемесін азайту, қажетсіз тексерістерді азайту мәселелері көрініс табатын болады.

Биыл педагогтарға ұлттық біліктілік сынағы енгізілді. Аттестациялау нәтижесінде облыстың 2 мыңнан астам мұғалімінің лауазымдық жалақысына 30-дан 50 пайызға дейін қосымша үстемақы биылғы 1 қыркүйегінен бастап төленуде, – деді Асқар Исабекұлы.

Сонымен қатар, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін 16 мыңнан астам (65%)мұғалімнің жалақысы 30 пайызға көбейген.

10 қазан 2018 г. 1 480 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 008 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 801 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930