» » 2019 жылы Жамбыл облысындағы білім нысандарын 100 пайыз интернетпен қамту көзделуде

2019 жылы Жамбыл облысындағы білім нысандарын 100 пайыз интернетпен қамту көзделуде

2019 жылы Жамбыл облысындағы білім нысандарын 100 пайыз интернетпен қамту көзделуде. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды, – деп хабарлайды "Edunews.kz" AA “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігіне сілтеме жасап.

Жиында өңірдегі білім, денсаулық, мәдениет, қызмет көрсету және өзге де салаларын цифрландыру бағытындағы атқарылып жатқан іс-шаралар талқыланды.

Осыған дейін бағларлама аясында 182534 адам оқыту курсынан өткен. Бұл биылға арналған жоспардың толық көрсеткіші. Облыс басшысы Асқар Мырзахметов бұл көрсеткішті жыл соңына дейін тағы да арттыру жолдарын қарастыру керектігін баса айтты.

Қазіргі таңда өңірдегі білім нысандарын интернетпен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Атап айтар болсақ, бұл бағыттағы көрсеткіш биыл 93 пайызға орындалса, келер жылы 100 пайызға жеткізу көзделуде. Десек те, Талас, Шу, Қордай аудандарындағы көрсеткіш көңіл көңшітпейді.

Сондай-ақ, биыл Тараз қаласындағы 111 балабақшада электронды кезекке қою жүйесі толығымен автоматтандырылмақ.

Басқосу барысында ауылдық клубтардағы ақпараттық орталықтардың ашылуы, мекемелердің компьютерлермен қамтылуы секілді жұмыстар да сараланды.

Асқар Исабекұлы көрсеткіштерді көтеру үшін екі-үш жылдық жоспарға байланбай, тиісті шараларды уақыт оздырмай іске асыру керектігін ескертіп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

10 қазан 2018 г. 1 598 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 24 042 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 23 503 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728