» » Павлодар облысында «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 1677 студент білім алуда

Павлодар облысында «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 1677 студент білім алуда

 Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» мемлекеттік «Серпін-2050» бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттермен кездесу өтті, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Шараға  облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев пен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.

Пікіралмасу алаңында жастарды жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамту, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау түрлері туралы сөз  қозғалды.

Облыстық білім беру басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алма Айтуарованың айтуынша,  бүгінгі таңда өңірде аталмыш бағдарлама бойынша 1677 студент білім алады.

Биыл   оқуын аяқтайтын 539 жастың  413-і жоғары оқу орындарының,  126-сы колледждердің студенттері. Педагогикалық мамандық бойынша 146 адам, техникалық бағытта 393 адам  жас маман қатарына қосылады.  Олардың барлығы  оқу орны жанындағы жатақханада тұрады. Студенттерді даярлау еңбек нарығында сұранысқа ие техник-электрик, техник-бағдарламалаушы, мал дәрігері сияқты  мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

-  Былтырғы жылы серпкіндіктердің алғашқы  легі қолдарына дипломдарын алды, - дейді Алма Айтуарова. -  Оның ішінде 67 адамның 14-і облыста қалды. Биыл оқу орнын аяқтаған 174 студенттің 86-сы  жұмысқа орналасты, 35-і жоғары оқу орындарда білімін жалғастырды. 36  адам түрлі себептермен өз өңірлеріне қайтып оралды. 

Жастар бастамаларын дамыту орталығының   жетекшісі Төлеген Айтбаев студенттердің арасында баспана және жұмысқа орналасуға қатысты көптеген қиындықтар бар екенін айтады.

- Осыған байланысты мемлекеттік құрылымдардың өкілдері түрлі бағдарламалар туралы  баяндады,  -  дейді Төлеген Айтбаев.  - Көбінесе жастарды «7-20-25» және «Дипломмен ауылға» бағдарламалары қызықтырды. Студенттерді орталықтың жұмысымен таныстырдық. Бұл жерге олар күн сайын «Бір терезе» жүйесі бойынша әртүрлі  кеңес ала алады.

Өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары  Хелуа Қашкенова ұсынған мәліметке сүйенсек,  қоныс аударушыларға көрсетілетін мемлекеттік  қолдау  аясында отбасы мүшелерінің әрқайсысына 35 АЕК - 84175 теңге көлемінде жолақыға жәрдемақы беріледі.

Баспана жалға алу, коммуналдық қызмет төлемақысы шығындары өтеліп, қызметтік баспана ұсынылады және жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.

Мәселен,  Шарбақты ауданында туған Ольга Макишева  Астана қаласында жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін туған жеріне оралған.

- Күйеуіммен және балаларымен ауданыма қайтып келдім, -  дейді ол. - Орталық аудандық ауруханада терапия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеймін. Келген кезде уақытша баспана ұсынды.  Бұдан кейін пәтер сатып алуға қолайлы шарттармен қарыз алдық. Пәтерді өзіміз таңдап алдық. Сонымен қатар екеумізге де көтермеақы берілді.

Еске сала кетейік, былтыр облыста «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алған жастардың 47-сі немесе 70 пайызы өз өңірлеріне оралған. Аталмыш мемлекеттік әлеуметтік бағдарлама өңірімізде 2014 жылдан бастап жүзеге асырылуда.



15 қазан 2018 г. 1 524 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 253 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 621 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031