» » Қазақстанда арнайы білім беру мекемелерінде 200-ге тарта бала тәрбиеленуде

Қазақстанда арнайы білім беру мекемелерінде 200-ге тарта бала тәрбиеленуде

Қазақстанда арнайы білім беру мекемелерінде 200-ге тарта бала тәрбиеленуде, деп хабарлайды inform.kz.
«Бүгінгі таңда елімізде балаларға арналған 8 арнайы білім беру мекемелері бар. Олардың 7-і арнайы білім беру ұйымы болса, 8-шісі Шығыс Қазақстандағы ерекше режімдегі ұйым. Жалпы, елімізде бүгінгі таңда 200-ге жуық бала осы ұйымдарда оқып, тәрбиеленіп жатыр. Яғни, бұл құқықбұзушылыққа бейім балалар», - дейді Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бала құқықтары және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Ержан Жиренбай.
Ержан Жиренбайдың айтуынша, Шығыс Қазақстандағы ерекше режімдегі арнайы орталықта орта және ауыр қылмыс жасаған, 14 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді.
«Ал қалған жеті білім беру мекемесінде жүйелі түрде сабаққа бармай жүрген, әкімшілік құқықбұзушылық жасаған балалар оқытылады. Жалпы, 2017 жыл мен 2018 жылдың көрсеткіштерін салыстырғанда балалар арасындағы құқықбұзушылық 5 пайызға төмендеді. Бұл - жақсы көрсеткіш. Ал соңғы 10 жылда балаларды тәрбиелейтін арнайы ұйымдардың саны шамамен 15-тен 8-ге азайды», - дейді Ержан Жиренбай.
Басқарма басшысы өз сөзінде жауапкершілікке тартылған балалардың құқықтарын қорғау жұмыстарын күшейту бағытында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын да сөз етті.
 «Осы жылдың 1 сәуірінде «ҚР балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға Президент қол қойған болатын. Сол заңда балалардың құқықтарын қорғау саласында стандарт әзірлеу қарастырылған. Яғни, қазіргі уақытта  девиантты мінез-құлыққа ие балаларға арналған ұйымдар бар. Сол ұйымдарда балаларға көрсетілетін қызметті сапалы әрі тиімді ете отырып, халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында бүгін біз іс-шараны ұйымдастырып отырмыз. Мұнда халықаралық тәжірибелер мен тиімді тетіктер талқыланып, жаңа әдістер ұсынылатын болады», - дейді Ержан Жиренбай.
Басқарма басшысының айтуына қарағанда, Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау бағытында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары әзірленуде. Бүгінгі жиында келтірілген қорытындылар жаңа стандарттарға енгізілетін болады.

Автор: Аян Бекенұлы

Дереккөз: inform.kz 

02 мамыр 2019 г. 1 576 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 245 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 618 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031