» » Білімнің мерейлі мекеніне-80 жыл

Білімнің мерейлі мекеніне-80 жыл

«Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектебі» КММ-де «Білімнің мерейлі мекеніне-80 жыл» мерейтойына орай ағылшын тілі пән бірлестігінің ұйымдастыруымен « Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып » атты ардагер ұстаздарымыз Қосанова Бекзия Дабылқызы және Жұмағалиева Қанағат апайларға арналған кездесу кеші өткізілді, - деп хабарлайды "Edunews.kz" Ақпараттық Агенттігі.
Іс- шара барысында елінің болашағы – білімді ұрпақ тәрбиелеп, ағылшын тілінен дәріс берген ардагер ұстаздарымызға арналған ағылшын, қазақ тілдерінде оқушылардың құттықтаулары жолданды. Шара барысында Қосанова Бекзия Дабылқызы мен Қанағат Жұмағалиеваның өмірі мен ұстаздық еңбек жолын жас бітіруші түлектерге дәріптеп насихаттау, ол кісілердің ұстаздық жолы - ұлы жол екенін кейінгі өскелең ұрпаққа үлгі ету. Кездесуге Бекзия , Қанағат апайлармен бірге қызметтес, өмірде дос сырлас болған ардагер ұстаздарымыз Әбжалиев Алданыш ағай , Шүкірова Айқын, Құттымұратова Амантай апайлар қадірменді қонағы ретінде қатысты.
Білім саласында жас жеткіншектердің келешегіне зор ықпал еткен ұстаздар туралы естеліктерімен бөлісті. Бекзия, Қанағат апайлардың шәкірттері Әбибуллаев Егеубай, Дәуітов Қуаныш, Ербатыров Серікбай және Көптілеуова Ақжанай ұстаздары туралы жылы лебіздерін білдірді.
«Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады» деген халық даналығы бүгінгі кешімізге қатысып отырған бітіруші жас түлектерге бағыт – бағдар бере отырып, көрермендерге үлкен әсер сыйлады.
Мектеп директоры Хадиша Тәжімұратқызы кездесу кешін қорытындылап, ардагер ұстаздардың ұзақ жылдар бойы үздіксіз еткен зор еңбектері , саналы ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше екендігін кейінгі жас буынға үлгі-өнеге болатынын атап өтті.
 
Дереккөз: Арал Мектеп Он Үш.
20 мамыр 2019 г. 2 122 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 690 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930