» » АТА-АНА МЕН ЖАСӨСПІРІМ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

АТА-АНА МЕН ЖАСӨСПІРІМ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

2022 жылдың 4 қазаны күні Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедарасының аға оқытушысы, педагог-психолог  Ж.Ж.Абдрахимова «Ата-ана мен жасөспірім арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында студенттерге семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренинг барысында ата-ана мен жасөспірімнің үйлесімді қарым-қатынасын қалыптастыратын түрлі жағдаяттар қарастырылып, талданды.

            Оған қоса, өзара шешімін тапқан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді, викториналық сұрақтар, пікірталастар ұйымдастырылып, кештің тартымды әрі қызықты өтуіне ықпалы зор болды.

Педагог-психолог Ж.Ж.Абдрахимова студенттердің белсенділігіне ризашылығын білдірді.

Айгүл Нұрақбай,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы

бойынша кәсіби даму институты,

PR маманы

07 қазан 2022 г. 3 433 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 25 777 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 24 000 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31