» » Жамбыл облысында 50-ден астам бала заңсыз оқу орнында діни білім алған

Жамбыл облысында 50-ден астам бала заңсыз оқу орнында діни білім алған

 Жамбыл облысының прокуратурасында облыстағы діни бірлестіктердің және жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен өкілдерінің қатысуымен кездесу өтіп, дін саласы бойынша ұйымдастыру шараларындағы өзекті мәселелер талқыланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Кездесуді ашқан облыс прокурорының м.а. Айдос Майлыбаев барлық діни бірлестіктер өкілдерінің бейбіт өмір сүруін, облыс аумағындағы ұлттар мен ұлыстардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының өзара байланысын атап өтті.

Бұл бойынша барлық конфессия тарапынан дін саласындағы заңнаманы қатаң сақтау басты талап болып табылады.

Шара барысында прокуратура органдарымен ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау, жастармен жұмыс, сондай-ақ, шетелдік теологиялық оқу орындарында оқитындармен жұмыс бағыттарындағы іске асырылып жатқан жобалардың қорытындысы айтылды.

Қатысушыларға миссионерлердің жұмысын ұйымдастырудағы, кәмелетке толмағандарға арналған жазғы діни курстарды ашу, діни әдебиеттер мен өзге де ақпараттық материалдарды тарату бойынша орын алған фактілер айтылып өтті.

Мысал ретінде, ағымдағы жылы Қордай ауданында тиісті рұқсаттары мен біліктілік талаптарын алмай, жазғы лагерь түрінде 50-ден астам кәмелетке толмағандарды дінге оқыту фактісі орын алған.

Аталған заңбұзушылық үшін діни бірлестіктің басшысына осы қызметпен айналысуға тыйым салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Басқа жағдайда, Меркі ауданында кінәлі тұлға дінтану сараптамасының оң қорытындысын алмаған діни әдебиеттерді мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізгендігі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Байзақ ауданында өз діни көзқарасын насихаттау мақсатында келген басқа облыстың тұрғыны, заңсыз миссионерлік қызметі үшін жауапкершілікке тартылды.

Дін істері басқармасының өкілдері деструктивті діни ағымдар идеологиясының алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстары және салалық мемлекеттік бағдардарламасын орындау шеңберінде ақпараттық-түсіндіру топтарымен жүргізілген жұмыстары бойынша есеп берді.

Жиын соңында, қатысушыларға қоғамда қалыптасқан дәстүрлерге құрмет көрсету мен өзге көзқарастарға толеранттылық таныту арқылы заң талаптарының орындалуы мен азаматтардың құқықтарының сақталуына қол жеткізуге болатындығы айтылды.

l
24 тамыз 2017 г. 2 138 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 259 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 622 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031