» » Алматы облысында оқу басталар кезде мектептің төбесі опырылып түсті

Алматы облысында оқу басталар кезде мектептің төбесі опырылып түсті

Бастауыш сыныптары оқитын Есік қаласындағы бұл білім ордасы негізі жөндеуге жабылған болатын. Екінші қабаттың едені сол құрылыс жұмыстары кезінде қирапты,-депжазды КТК арнасы.


Дереу жөндеу де тоқтатылып, ғимараттың опырылған бөлігі мүлдем жарамсыз деп танылған. Ал оқушылары басқа мектептерге бөлініп жатыр. Тек бұған үйреншікті жерінен қозғалғысы келмейтін ата-аналар үзілді-кесілді қарсы.

Себебі жөндеу жұмыстарының барысында екінші қабаттағы спортзалдың едені опырылып түскен. Кейін тозығы жеткен ғимаратты тексеру барысында оның оқуға жарамсыз екені анықталған. Ал оқушылардың басым бөлігі жақын маңдағы мектептерге ауыстырылуда.

Мектеп деген аты ғана болмаса іс жүзінде қос қабатты бұл ғимараттың жартысын кәсіпкерлер кеңсеге айналдырған. Жарты ғасырлық тарихы бар оқу ордасының өзі сол заманнан бері жөндеу көрмеген сыңайлы. Тақтасы мен партасы, еденіне дейін кеңес дәуірінен қалған. Санитарлық жағдай да мәз емес.

“Бұл ғимаратта 17 сынып бар. Санитарлық норма бойынша әр бөлме 54 шаршы метр болуы тиіс. Бұл жердегі бір кабинет те талапқа сай келмейді. 20-22 шаршы метр жерде балалардың оқуына тура келеді”,-дейді ата-аналар комитетінің төрайымы Тұрар Бақтыбаева

Жергілікті билік сол олқылықты биыл түземекке кіріскен. Бірақ, ескі ғимараттың «жыртығы жамауға келмеді». Сондықтан, бастауыш оқушылары сол ауладағы негізгі мектепке ауыстарылып жатыр. Сыймағандарын Есіктің басқа білім ордаларына бөлмекші. Бірақ бұған ата-аналар қарсы.

Ұл-қыздарын алысқа тасығысы келмейтін ата-аналар осылайша апатты ғимараттың қайта жөнделуін талап етуде. Ал шенеуніктер мұның мүмкін емес екенін ашық айтып отыр. Сондықтан, алыс болса да, баланың амандығы үшін басқа мектепке ауысудан басқа амал жоқ.

«Ата-аналардың талабы – біздің балаларымыз өзінің үйренген мектебінде оқуы керек деген талап. Егер біз ата-ананың бұл талабын орындайтын болсақ, біз 3 ауысымға ауысуымыз керек болады.

Әрбір бала өзінің тұрғылықты мекен-жайындағы мектепке қатынап оқуы керек. Өйткені басқа мектептер баланы қабылдауға дайын»,-дейді Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің басшысы Бәтес Аманова.

Ата-аналардың шағымынан кейін Есіктегі бес мектептің басшылары қайтадан тізім құрып, мүмкіндігінше оқушыларды ықшамаудан емес, барып-келер жолдың қашықтығы бойынша қабылдауды бастамақ.

Дереккөз:stan.kz
25 тамыз 2017 г. 1 941 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 253 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 621 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031