АҚШ мектептерінде алғашқы қоңырау 11 қыркүйекте соғылады
АҚШ-та 12 мыңға жуық оқушы білім күнін өз мектептерінде бастай алмады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме беріп.
Өйткені елдің оңтүстік өңірлерінде орын алған «Харви» дауылы бірнеше білім ошағын қиратып кеткен. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, енді апатты жағдайда қалған нысандар қайта қалпына келгенше, оқушылар уақытша басқа мектептерде білім алады.
Ал алғашқы қоңырау 11 қыркүйекте соғылады. Бірақ билік өкілдері «бұл дата да әлі өзгеруі мүмкін» деп отыр.
Айта кетейік, АҚШ жұртының есін шығарған нөсер жауын мен «Харви» дауылы кесірінен 44 адам қаза тапты. Тағы мыңдаған адамның үйі қирап, уақытша баспаналарға көшкен