» » ОҚО-да оқушы латыншада қазақ әріптерін тани алатын 3D-оқулық құрастырып шықты

ОҚО-да оқушы латыншада қазақ әріптерін тани алатын 3D-оқулық құрастырып шықты

 Оңтүстік Қазақстандық 16 жастағы Жүсіп Амангелді латын тілін 3D-технология көмегімен меңгеріп шығуға болатын оқулық жасады. Оның көмегімен балалар латыншаға көшкеннен кейін қазақ әліпбиін жылдам меңгеріп кете алады.Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасай отырып,stan.kz хабарлайды.

 Жоба әлі құрастыру кезеңінде. Оны мобилді қосымша арқылы жетілдіріп жатыр. Бұл қосымшаны жасап шығуға оқушы екі апта уақытын жұмсаған.

“Бір әріп үшін бір күн жұмсадым. Бірақ бұл жерде ең қиыны оны 3D-моделге салу. Әліпбиде алма, велосипед, тауық сынды нәрселердің суретін қолданамын”, – дейді Жүсіп.

Өзінің жобасын ол республикалық интеллектуалдық шоуда ұсынған. Жобаның әлі жетілдіру кезеңінде екеніне қарамастан ол жартылай финалға өтіпті.

“11-сынып оқушысы үшін бұл үлкен жетістік. Ол республикалық, халықаралық жарыстарға да қатысып жүлделі орындар алып жүр”, – дейді мұғалімі Мерует Орынбекова.

Енді ол тағы бір жобаны қолға алмақ. Ол бойынша үстіне ұлттық киім киген латын әріптері қозғалып, сөйлеп тұратын болады. Ол бұған дейін де түрлі мобилді қосымшалар құрастырып, мультфильм де жасаған.

27 қыркүйек 2017 г. 2 102 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 107 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 839 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930