» » Қызылордада «жастық жалыным - мәңгілік еліме!» митингі және «Мәншүк маршы» өтті

Қызылордада «жастық жалыным - мәңгілік еліме!» митингі және «Мәншүк маршы» өтті

 Батыр қыз атындағы оқу орнының шежірелі тарихының тағы бір жаңа беті ашылды. Қызылорда облысының білім басқармасы мен М Мәметова атындағы гуманитарлық колледж ұйымдастырған «Ұлы Дала ұрпақтарын тәрбиелеуде «Мәңгілік Ел» идеясының алар орны» тақырыбындағы облыстық патриоттық форум іргелі оқу орнының 85, ал Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 95 жылдығы аясында өтті.Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Шараның «Жастық жалыным мәңгілік еліме» атты алғашқы бөлімінде Ауған соғысы және колледж ардагерлері, ұстаздар мен студенттер колледж ауласында салтанатты сап түзеп. мемлекеттік Ту көтеріліп, Гимн орындалды.

Митингте облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары  Е. Қарабалаев,  ардагер ұстаздар мен көшбасшы студенттер лебізін айтып, шараның сәтті өтуіне тілек қосты.

 Осыдан кейін тек қана қыздардан құралған «Мәншүк маршы» тобы батыр ескерткішінен белгіленген маршрут бойынша «Катюша», «Атамекен», «Сарбаздарым» әндерін саппен айтып, "Тағзым" алаңына жетті. Мұнда маршқа қатысушылар командир бұйрығымен сап түзеп, 1 минут үнсіздік жарияланды, тағзым гүлдері қойылды.

Отанын қасық қаны қалғанша қорғаған қайсар қыздың қаһармандығын паш ету арқылы жастарды патриотизмге, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, әрқашан Мәңгілік Елдің жалынды патриоты болуға үндеген шараға қаладағы колледждер студенттерінен жасақталған топтар қатысты.

23 қазан 2017 г. 2 576 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 883 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930