» » Алматыда футзалдан Ұлттық студенттер лигасының финалы өтеді

Алматыда футзалдан Ұлттық студенттер лигасының финалы өтеді

Қарашаның 10-ы  және 19-ы  аралығында Almaty Arena спорт сарайында футзалдан Ұлттық студенттер лигасының  ақтық бәсекесі өтеді.  

Қазіргі таңда  Қазақстанда футзал ең танымал спорт түрлерінің бірі, оған еліміздің 8 облысынан 48 жоғарғы оқу орындары командаларының, сондай-ақ, 7 мыңнан астам ойыншылар мен жанкүйерлердің аталмыш бәсекеге қатысуы дәлел бола алады.

Еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген, әр аймақтың чемпиондары Almaty Arena алаңында бас қосып, футзалдан студенттер арасында үздік команданы анықтайтын болады. Топтық кезеңнен финалға дейінгі ойындар  қызықты да тартысты додалардың бірі болмақ.

Жарыс ұйымдастырушылары мен демеушілерін атап өтсек, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры, Халық қоры, Huawei, Қазақстанның футзал қауымдастығы, АФК Қайрат.

Айта кетер жайт, қарашаның 11-і  күні, сағат 15.00, Almaty Arena спорт сарайында Ұлттық студенттер лигасы, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі және Халық қоры өкілдерінің қатысуымен футзалдан Ұлттық студенттер лигасының шешуші кезеңіне арналған  баспасөз мәслихаты  өтеді.

 

Қосымша ақпарат және аккредитация бойынша: 

Индира Кутбанбаева

8 (727) 33085 62 (2004)

8778-927-54-56

kutbanbayeva.indira@gmail.com

14 қараша 2017 г. 4 125 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 921 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031