» » Жалған сертификат жасаған медицина студенттеріне қатысты министр түсінік берді

Жалған сертификат жасаған медицина студенттеріне қатысты министр түсінік берді

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Астана медициналық университетінде студенттердің арыз-шағымынан кейін ағылшын тіліне арналған ILTS-тің жүздеген жалған сертификаты анықталған болатын, осыған қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сертификаты жалған деп танылған студенттер мемлекеттік гранттарынан айырылып, оқудан шығарылды. Бірақ қайтадан тапсырып, ақылы түрде оқимыз десе оған тыйым салынбайды, оқуға болады. Тағы да қайталап айтамын, ол студенттер мемлекеттік гранттары мен екінші рет грантқа ие болу құқықтарынан да айырылды. Егер аталған студенттер  мемлекеттік грантпен оқуларын жалғастырып жатқан болса, біз қайта қарауға әзірміз, біз жүргізген тексеру жұмыстары бойынша, маған жеткен дерек бойынша олар бүгінде мемлекеттік грантта оқымайды», - деп жауап берді тілшілердің сұрағына ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов. 
Айта кетейік, үстіміздегі жылы көктемде Астана медициналық университетінде студенттердің арыз-шағымынан кейін ағылшын тіліне арналған ILTS-тің жүздеген жалған сертификаты анықталған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі аталған жоғары оқу орнына арнайы тексеру жүргізіп жалған сертификаты дәлелденген студенттерді мемлекеттік гранттарынан айырып, оқудан шығарды. Дегенмен кейінірек әлеуметтік желілерде аталған студенттердің өз оқуларын грант негізінде жалғастырып жатыр деген ақпарат тараған болатын.


28 қыркүйек 2018 г. 1 470 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 208 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031