» » Анасының ұрғанын мектепке айтып барған: Германияда қазақстандық әйел қызынан айырылды

Анасының ұрғанын мектепке айтып барған: Германияда қазақстандық әйел қызынан айырылды

 Германияда қызын ұрғаны үшін қазақстандық әйелден баласын тартып алды, деп хабарлайды Sputnik.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияровтың мәліметіне сүйенсек, оқиға бірнеше апта бұрын болған. Қыз бала анасының ұрып-соққанын ұстаздарына айтып барыпты. Германия заңы бойынша, балаға зорлық-зомбылық жасауға тыйым салынғандықтан, жергілікті билік өкілдері қызды анасынан айырды.

"Қазір әйел адвокаттармен бірге сотқа қажетті құжаттарды ресімдеп жатыр", — деп мәлімет берді Айбек Смадияров.

Тергеу барысында қыз балалар үйінде болады. Қазақстанның консулы қызбен кездесіп, анасымен де үнемі байланыста отыр.

Сыртқы істер министрлігі қыз баланың отбасына оралуы үшін барынша жәрдем беретін болады.

02 қазан 2018 г. 1 966 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 253 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 621 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031