» » Алматыда екі оқушы төбелесіп қалған мектеп мұғалімі жұмыстан кетті

Алматыда екі оқушы төбелесіп қалған мектеп мұғалімі жұмыстан кетті

 Алматыдағы лицейде төбелесіп қалған сегізінші сынып оқушыларының жанжалынан кейін мектептің әлеуметтік педагогы жұмыстан кетті деп хабарлайды  zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматылық әйел баласының мектеп мұғалімінің туысқандары тарапынан соққыға жығылғанын жеткізген болатын. Бастапқыда жанжал мектеп оқушылары арасында орын алған. Олардың бірі лицей ұстазының баласы болып шықты.

Шағымданушы келіншектің айтуынша, кіші баласын үлкен ұлы қорғап қалмақ болған. Алайда, өзара келіспеушілікке екінші баланың әкесі мен оның 30 жастағы қызы араласып, оларды соғып тастаған.

Бауырына жақтасамын деген жігіт бүгінде ауруханаға түсіп қалды.

Мектеп директорының айтуынша, оқиғадан кейін бірнеше жиналыс өтіп, нәтижесінде баласының қатысы бар мұғалім жұмыстан кетуге ұйғарған.

Зардап шеккен оқушының әкесінің мәлімдеуінше, директор орынбасары да кетуге ниетті. Жиналыстардың бірінде ол өзін жайсыз сезінген.

Зардап шеккен баланың жағдайы әлі де ауыр деп бағалануда. Тәртіп сақшылары оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

04 қазан 2018 г. 2 445 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 020 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031