» » Елордада балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көтерілуі мүмкін

Елордада балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көтерілуі мүмкін

Елордада балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы бүгін елорда әкімдігінде өткен жиында ҚР Астана қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Айтжанова айтты, деп хабарлайды Edunews.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Жалақыға қатысты бұл мәселе Білім және ғылым министрлігінде талқыланып жатыр. Қазір мектепке дейінгі ұйымдардың да, қосымша білім беру ұйымдарының да еңбекақы қорына қатысты түзетулер жөніндегі барлық ұсыныстары жинақталуда. Шындығында да, балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өте төмен және ол санатқа, штатқа байланысты. Біз өз ұсынысымызды енгіздік. Жалпы, жалақыға байланысты тиісті нормативтік актілерге өзгерістер енгізу туралы жинақ жасалады», - деді ол.
Сонымен қатар, ол балабақшадағы орын жетіспеушілігіне де тоқталды. 
«Мектепке дейінгі ұйымдарда орын жетіспеуіне қатысты айтар болсам, өткен жылы мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен 79 мектепке дейінгі ұйым ашылып, оларға 9 мың балаға мемлекеттік тапсырыс берілді. Қазіргі уақытта республика бойынша 18 мың мектепке дейінгі жеке ұйым және 300-ден астам қосымша мектепке дейінгі білім ұйымы бар», - деді Гүлжан Айтжанова.  


05 қазан 2018 г. 2 347 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 587 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930