» » Ұлттық құндылықтарды сақтай білейік

Ұлттық құндылықтарды сақтай білейік

 
















Сабақтың мақсаты

Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Оқыту нәтижесі:

Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі. Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар екенін біледі.

Сабақта қолданылатын тапсырма түрлері

  • Психологиялық тренинг «Шаңырақ»
  • Топқа бөлу /салт –дәстүрге байланысты суреттер арқылы/
  • Алтын ереже құру
  • Стикерлер арқылы бағалау
  • Сергіту сәті «Қара жорға» биі
  • Топтық жұмыс.
  •  1-тапсырма

І топ -Құндылық дегеніміз не? Негізгі қазақтың құндылықтарын атаңдар.

ІІ топ- Құндылықтарды қайдан алады?

ІІІ топ- Құндылықтарымыз қазіргі кезде қалай баланануда? Рухани жаңғыру жайлы не білеміз?

  • 2-тапсырма
  • Барлығына Қадыр Мырза Әлінің «Шетелдіктерге қазақтарды таныстыру» өлеңін тыңдату және қазақтарға тән адами құндылықтарды таптырту.
  • 3-тапсырма «Жарнама» Оқушылар қазақ халқының рухани мәдениетін шет елге таныстырады.

І топ –Қазақтық ою-орнектерін шетелдік қонақтарға таныстырыңдар.

ІІ топ- Қазақтың салт дәстүрлері –ай. Тұсаукесерді көрсетіп, жарнамалау.

ІІІ топ- «Шеберлер» жәрменкесіндегі ұлттық бұйымдармен таныстыру.

4-тапсырма «Ұлттық аукцион»

Аукционға қамшы, киіз үй, домбыра шығарылады. Кім көп мәлімет берсе, сол бұйым сыйға тартылады.

 











  • Қорытындылау «Бес жолды өлең»
  •  Кері байланыс «Бес саусақ»

Сабақта қолданылатын материалдар

Интерактивті тақта, маркерлер, флипчарт, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, түрлі суреттер, «Ұлттық киім», «Ұлттық ойын», «Салт-дәстүр» атты нұсқау қағаздар, смайликтер, «Құндылықтар» тақырыбына презентация, бейнеролик; «Рухани жаңғыру», «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру» бейнежазбалар.

Оқыту әдістері

АКТ, топтық жұмыс, топтастыру, ассоциация, жәрменке, аукцион, синквейн, бес саусақ.

 

Дереккөздері

Ғаламтор, газет-журнал «Егемен Қазақстан», «Тәрбие құралы», «Сынып жетекші», теледидар бағдарламалары.

Тәрбие сағатының барысындағы тәрбиеші мен оқушылардың іс-әрекеттері


Оқытушының іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Оқушыларға жағымды психологиялық ахуал туғызу. Топқа бөлу.

2 мин

Баяу әуенмен оқушыларды қарсы алу. «Шаңырақ» тренинг

Салт-дәстүрлерімізге, ұлттық ойындар мен ұлттық киімдер суреттері арқылы топқа бөлу.


Оқушылар үш топқа бөлінеді.

Алтын ереже құру

2 мин

Топтық ережені естеріне салу.

Топпен ережелерді айтып шығады.

Тақырыпты ашу

1 мин

Жасаған іс-әрекетіміз, топтың атаулары, суреттер қандай ой салғанын білу.

Мәдениет, салт-дәстүр, құндылық – ценность-

Бейнеролик көрсету

2 мин

«Рухани жаңғыру» атты бейнеролик көрсету.


Оқушылардың белсенділігі артады, рух береді. Өз ойларын айтады.

1-тапсырма

10 мин

Берілген тақырыптың мағынасын ашу.

Берілген тақырып бойынша бірлесе отырып, қағаз бетіне білгендерін бейнелеп түсіреді, қорғайды.

2-тапсырма

5 минут

Барлығына Қадыр Мырза Әлінің «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру» өлеңін тыңдату және қазақтарға тән адами құндылықтарды таптырту.

Берілген тапсырманың мағнасын ашады. «Қазақи адами құндылықтар» өлең жолдарынан тауып, сызбаларды толтырады.

3тапсырма

«Жарнама»

10 мин

Оқушылар қазақ халқының рухани мәдениетін шет елге таныстырады.

І топ –Қазақтық ою-орнектерін шетелдік қонақтарға таныстырыңдар.

ІІ топ- Қазақтың салт дәстүрлері –ай. Тұсаукесерді көрсетіп, жарнамалау.

ІІІ топ- «Шеберлер» жәрменкесіндегі ұлттық бұйымдармен таныстыру.

Әр топ берілген тақырыпқа сай сахналық қойылым, жарнамалық таныстырылым көрсетеді. Тақырыптың мағынасын ашады.

4-тапсырма

«Ұлттық аукцион»

5 минут

Аукционға қамшы, киіз үй, домбыра шығарылады.

Кім көп мәлімет берсе, сол бұйым сыйға тартылады.

Қорытындылау

«Бес жолды өлең»

2 мин

  • Зат есім /құндылық, салт-дәстүр/
  • Сын есім
  • Етістік
  • Сөйлем
  • Синоним

Бес жолды өлең құрастыру.

Кері байланыс

2 мин

 
 
 
 

Бегайдарова Гульжихан Булатовна,

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы

Жалпы білім беретін Бұлдырты орта мектебінің

химия пәнінің мұғалімі, 10 «а» сынып жетекшісі













 
   
18 қаңтар 2019 г. 6 591 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 13 734 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 344 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930