» » «Ұстаздар, бар жақсылық Сіздер үшін!»

«Ұстаздар, бар жақсылық Сіздер үшін!»

«Ұстаздар, бар  жақсылық Сіздер үшін!»

 (Ұстаздар мейрамына арналған мерекелік шара)

  • Сахына сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады. Қазақ биі
  • Данышпан да, дана да оқып сенен,
  • Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
  • «Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды,
  • Жақсы көрем арнаймын жақсы жырды!
  • Ортаға жүргізушілер шығады.

1 – жүргізуші: Армысыздар, Құрметті де аяулы ұстаздар!

Ұстаз деген жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Ұстазыңды түсінгін сен тереңнен.

Бар әлемге еңбегімен еленген,

Сенің бағың өрге қарай өрлесе

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

2 – жүргізуші: 

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

Ізгі іс қой,  ұстаз тілін алғаның,

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,

Ол өзіңнің орындалған арманың.

Ұстаз сөзін айтып  жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген ұлылардың ұлысы,

Қасиетіне бас иелік мәңгілік!



1 – жүргізуші: бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз – ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын! Даулетқалиева Динараның орындауында Ұстазым әні  қабыл алыныздар.

2 – жүргізуші: Менің ойымша Сыдық, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебеі ұстаздық өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

1 – жүргізуші: Гүлзат  мен осы сөздің дәлелді болу үшін мына жыр шумақтарын оқып берейін.

Ұстаз болу – жүректің  батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің  ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің колледжде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін  сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?

2– жүргізуші: 

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі,

Ән – шашу әсем  әуен, түрлі өнер.

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ән:  Николаева Айданын орындауын да «Ұстазым» әні

  

1 – жүргізуші: 

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған,

Мұғалімді ардақтайды барша жан.

Ол мектептен шықпаса да қыс-жазы

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.

Бала десе ойламайды өз қамын,

Көрсем дейді күнге де қол созғанын

Шәкірттерін озінен де озғанын.

 

2 – жүргізуші:

Асыға сәлем жолдап жүректен біз,

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз, - дей келе алдарыңызға колледждің мың бұралған бишілерін шақырамыз.

Би «Ұлы дала»


1 – жүргізуші:

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыңдар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар

Жан біткен жанарыма нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

2 – жүргізуші:  Сыдық екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөз айтып жарысып көрсек қайтеді?

1 – жүргізуші: Ал ендеше баста

2 – жүргізуші: «Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»

1 – жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

2 – жүргізуші:   «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

1 – жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

2 – жүргізуші: «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы»

1 – жүргізуші: Гүлзат, екеуміз ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең шумақтарына кезек берелік.


1 – білім алушы: Виктор

Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей.

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен дирижер боп күлімдей.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып, құйылып,

Қас-қабағын қалт жібермей ишәкірттің

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп.

Жалын атып, от боп бірге жанасың

Білім беріп, содан бақыт табасың.

Бар өмірің өрнектеліп баламен

Жасарып бір, мәңгі жас боп қаласың.


2 – білім алушы: Дасымжан

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел  баласын оқытады, ой Алла-ай!

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал.

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көре тұғын көзім бар.

 

3 – білім алушы: Санжар

Мұғалім – ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың.

Өмірде сенің алар орыныңды,

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың.

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ақыл, ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға

Атағым Алатаудай болып биік

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

 

23-топ Студенттердін арнауы.

  

2 – жүргізуші: 

Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауыңда,

Бал- бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында.

 

1 – жүргізуші:

Қиындықта кезіксең көп асуда,

Қанша терің төгіліп жол ашуға.

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!

 

2 – жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

 

1 – жүргізуші: 

 

2 – жүргізуші: Ұстаз шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар жыр да, сыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау – адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін, жауаптылық, қажырлық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлық керек екен.

 

1 – жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін колледжіміздін директоры  Өксікбаев    Бақытжан    Нұртайұлына   құрметпен сөз береміз.

 

  Қорытынды:

Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,

Тілектермен нығайсын мерекеңіз.

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,

Осымен аяқталды мерекеміз!

Ән: Динара мен Диананың орындауында «Ұстазым» әні

2018 жылы 5 қазан күні ұлы мамандық иелеріне арнап «Ұстаздар, бар жақсылық Сіздер үшін!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Ұстаздар күні – бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған. Сондықтан да осы ұлы мамандық иелеріне арналған мерекелік шараның мақсаты ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтау, ұлы мамандыққа бас ию, құрмет көрсету. Топ шеберлері Разия Сулейменова мен Бакыт Шамыгулованың ұйымдастыруымен ұстаздар мейрамына арналған шараға 32, 23 ,11 топ студенттері қатысты.


Мерекелік кешке колледж оқытушылары мен колледж әкімшілігі түгелдей қатысты. 32 топ студенттері Даулетқалиева Д, Николаева А, Мұхамет Ш, Рахымжан А ұстаздарға деген жылы лебіздерін өлең шумақтарымен арнады. 32 топтың қыздарынан құрылған «Жұлдыз-ай» би тобының орындауында «қазақ» биін тамашалады. «Ұстаздарға мың алғыс!», «Ұстаз жолы ұлылық», «Ұстазым, менің ұстазым» тақырыбында әр топ қабырға газеттерін шығарды. 32 топ студенті Төлеген Санжар, 11 топ студенттері Васильев Виктор, Қыдырбай Досымжандар ұстаздарға арнап арнау оқыды.




 Шамыгулова Бакыт Княровна

 Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі

 Информатика пәнінің оқытушысы

 Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы                                                                



13 сәуір 2019 г. 96 417 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 722 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930