» » ҚазҰУ- байтақ елдің бағаналы білім ордасы

ҚазҰУ- байтақ елдің бағаналы білім ордасы

Университеттің 85 жылдық аса бай тарихы ұлттық академиялық ғылымы мен жоғары мектебінің дамуы және қалыптасуымен тығыз байланысты. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады, деп хабарлайды bilimdinews.kz
 


















Университеттің мыңдаған түлектері еліміздің аумағы мен алыс және жақын шет мемлекеттердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етуде. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ республикамыз бойынша ерекше мәртебесі бар және жетекші классикалық университеті, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бірінші Қазақстан Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Quacquarelli Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттігінің зерттеулеріне сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім беру бағдарламалары бойынша 401-450 дәрежеге енді. Университетте еліміздің барлық аймағынан келген 20 мыңнан астам студент, сондай-ақ алыс жақын шетелден келген студенттер білім алады.
 Оқытушы-профессорлар құрамы 2500 мың адамнан асады, олардың арасында 400-ден аса ғылым докторы, профессорлар, 800-ден астам ғылым кандидаттары, доценттер бар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды.

Университеттің 14 факультетінде беделді ғылыми мектептер шоғырланған, олар: механаника-математика, физика, биология, химия, филология, журналистика, тарих, география, философия және саясаттану, экономика және бизнес, заң, шығыстану, халықаралық қатынастар, шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультеті. ҚазҰУ-дың 85 жылдық өмір жолында қалыптасқан дәстүрлерге, есімдері мен атқарған істері ұлы шаңырақтың, яғни еліміздің жасампаз оқу орны басынан кешкен тарихының ғылымға риясыз қызмет ету мен батыл инновациялардың ажырамас бөлігі болып табылатын алдыңғы буын ағалар мен замандастарға тән ерлікке табан тірейді.

Университтің миссиясы – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру.

Кредиттік технологияның мәні – академиялық бағдарламалардың икемділігі мен әрбір студент үшін оқудың жеке траекториясын таңдау мүмкіндігінде. 2008 жылы университетте бірінші рет бакалавриаттағы 2726 пән қамтылатын 60 мамандық үшін қазақ және орыс тілдерінде элективті курстардың каталогтары қалыптастырылды. Бұл студенттердің әр деңгейдегі оқыту аясында оқу пәндерін шын мәнісінде таңдап алуына жағдай тудырады.

ҚазҰУ ғылыми инфрақұрылымының негізі – республикадағы іргелі зерттеу бағдарламалары жалпы мөлшерінің елу пайызы жүргізілетін 20 ғылыми-зерттеу институты мен халықаралық ғылыми орталық. Университет жанында сонымен қатар колледж, біліктілікті көтеру институты және түлектері қосымша әскери мамандық алып шығып, ұлттық қарулы күштері қатарында, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарында, кеден қызметі мекемелерінде қызмет етуге мүмкіндік беретін әскери кафедра жұмыс істейді.

Сонымен қатар, филология және әлем тілдері факультетінде “қазіргі заманғы Қазақстан тарихы” атты пәнінің мұғалімі Фатима Қозыбақованың басқаруымен ғылыми жобалар өтті. Бұл жоба студенттердің рухани, мәдени дамуына ықпал етті. Студенттер тек іздену үстінде болған жоқ және ұлттық сана-сезім, ішкі ой түйсікті дамытты.

ҚазҰУ-мен төрт жүзден аса шетелдік университеттер достық қарым-қатынаста. Яғни осыншама жоғары оқу орнымен студент алмасып оқи аламыз. Демек мұндағы студенттердің жоғары деңгейде білім алу үшін жасалып жатқан мүмкіндіктер аз емес.







Автор: Фатима ҚОЗЫБАҚОВА, профессор, тарих ғылымдарының кандидаты, ғылыми жетекші.

Ақмарал ҚОСАЕВА, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті.

Дереккөз:bilimdinews.kz

 
01 мамыр 2019 г. 2 681 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 208 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031