» » Рамина – жас данышпан

Рамина – жас данышпан

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 3-сынып оқушысы Рамина Жолбаева «Алтын қор» Халықаралық энциклопедиясының дарынды балалары тізіміне енді. Менталды арифметика оқуындағы жоғары жетістіктері мен үздік үлгерімі үшін «Жас Данышпан» атағына ие болып, «Алтын қор»медалі мен І дәрежелі Дипломымен марапатталды.

   Рамина менталды арифметикамен UCMAS мектебінде 1-сыныптан бастап айналысады.Үш жыл ішінде барлық 10 деңгейден сәтті өтіп, түрлі республикалық турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы болып үлгерді: бір алтын, бір күміс және екі қола медальдары бар. Сонымен қатар жас данышпан математика пәнінен және зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларында да жақсы жетістіктерге жетті. 2018 жылы «Шексіз математика» халықаралық олимпиадасында, «Бастау» республикалық турнирінде және «Зерде» ғылыми-зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық байқауында ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.


«Мен математиканы ұнатамын, сандар маған өте қызықты», - дейді Рамина. - Мен логиканы жақсы игердім, мұнда сіз бір нәрсені тез санап қана қоймай, қиын міндеттер тізбегін көре аласыз.

Қазір Рамина 4-сыныптың есептерін шығарады. Менталды арифметика сыныпта тез есептеуге және жалпы ойлау жылдамдығын арттыруға көмектесті дейді.

   Сынып жетекшісі Анар Шарипованың айтуынша, Рамина үздік оқушы. Логикалық есептерді тез уақытта шешіп, тіпті сыныптастарына көмектесіп те үлгереді.



Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі
17 қазан 2019 г. 1 641 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 013 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031