500 сынып ағылшын тілінде білім алады -министр Сағадиев
Биылғы оқу жылында аталған бастама алдымен эксперимент ретінде қолға алынады. 500 сыныптың ата-аналары оған келісіп, өз қолхаттарын берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз үшін аталған эксперимент аса маңызды. Бір жыл бойы оның нәтижесін бақылаймыз. Балаларды, ата-аналарды, мектеп мұғалімдерін және тағысын тағы. Осы эксперименттің нәтижесін алдымен жан-жақты талқылаймыз. Сөйтіп, пән бойынша үш тілді оқытуға көшудің нақты кестесін қабылдаймыз», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында. Министрдің айтуынша, ағымдағы жылы мектеп мұғалімдерін жаппай ағылшын тіліне үйрету шаралары басталады. Қазіргі кезде 4 мыңға жуық мұғалiм ағылшын курстарын бастап кетті. Қыркүйек айында оларға тағы 8 мың мұғалiм қосылады. Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслихатында министр қазақ тілін білмейтін жарты миллион оқушыға жаңа әдіспен тіл үйренетінін жеткізді.