» » «Сөйлейтін» кітаптар

«Сөйлейтін» кітаптар

Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Брайль қарпімен электронды кітап өндеуді жоспарлап отыр.

«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Қуаныш Қапановпен кездесуде зағип және нашар көретін жандарға арналған құрылғы жасаудың жаңа жобасы талқыланды.

Кездесу NIS қабырғасында өтті. Зағип жандардың өмірін қалай жақсартуға болады, білім беруді қалай қолжетімді ету керек, жайлы білім беруді қалай құру керек сияқты өзекті тақырыптар мен мәселелер көтерілді.

— Құрылғыда алты баллдық жүйе болады. Қазақ тілінде әліпби енгізіледі. Біздің жас роботшылар командасы тапсырманы орындай алады деп сенемін. Басты мақсат –көп адамға тиімді жаттықтыру мүмкіндігін беру, — дейді робототехника жаттықтырушысы, WRO республикалық кезеңінің қазылар алқасының мүшесі Николай Авдюнин.

Жиын барысында қоғамдық бірлестік өкілі Қуаныш Қапанов бірқатар заманауи техникалық оңалту құралдарымен таныстырды. Сонымен қатар ол оқушыларға Брайль жүйесі арқылы жазу бойынша шеберлік сыныбын көрсетті.

 

Брайль жүйесі бойынша рельефті-нүкте шрифті зағип және нашар көретін адамдарға жазуға және оқуға арналған. Қаріпті 1824 жылы француз соқыр жасөспірім Луи Брайль ойлап тапты, ол 3 жасында көзінің қабынуынан зардап шегіп, көрмей қалған.

— Кездесу барысында көру қабілеті бұзылған адамдар әлемі, арнайы құралдар туралы көбірек білдік. Бұл өте қызықты және танымдық ақпарат біз үшін, бірақ сонымен бірге біз олардың оқуын жеңілдетуге көмектескіміз келеді, - деп өз пікірімен 10-сынып оқушысы Айзада Рахат бөлісті.


Дрекекөз: http://edunews.kz/
13 қазан 2023 г. 6 325 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 567 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 711 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031