» » ОҚО-да «Алтын белгімен» бітірген түлектер шекті 50 балды да жинай алмаған

ОҚО-да «Алтын белгімен» бітірген түлектер шекті 50 балды да жинай алмаған

 ОҚО-да мектепті “Алтын белгімен” бітірген 9 түлек шекті 50 балды да жинай алмаған, деп хабарлайды Қазақпарат.

 Одан бөлек 4 түлек о балл жинаған. Бұл туралы «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» облыстық педагогикалық тамыз конференциясында айтылды.Облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов"биылғы ҰБТ-ның нәтижесі жақсы емес,атап айтқанда облыста «Алтын белгімен» бітірген оқушылардың саны 43 пайызға артқанымен, олардың арасында 100 балды жинай алмаған оқушылар тіркеліп отыр. Енді аталған мектептерге зерделеу, тексеру жұмыстары жүргізіліп, тексеріледі. Ал, түлектердің орта балы небәрі 76,6 балды құраған»,- деді 

 Тестті түлектердің 78 пайызы тапсырған. Олардың жинаған балы республика бойынша соңғы орынғы шықты. Аймақта мұғалімдердің білімін арттыру мәселесі көтерілді.

 Алдағы уақытта өңірде 200 шақты білім мекемесін салу жоспарлануда. олардың 73-і мемлекет есебінен салынады.

Дереккөз:stan.kz.

25 тамыз 2017 г. 2 404 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 904 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930