» » Өзін-өзі тану – оқушыларды рухани-өнегелік құндылықтарға баулу

Өзін-өзі тану – оқушыларды рухани-өнегелік құндылықтарға баулу

Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №3 гимназиясында қазан айның төрті күні 7-9 сынып оқушыларына арналған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиада өтті. Жалпы олимпиадаға облыстық кезеңнен 17 команда құрамында 51 оқушы қатысты.

Олимпиаданың басты мақсаты балаларға рухани-өнегелік тәрбие беру, құндылық бағдарын қалыптастыру, шығармашылық іс-әрекетіндегі әлеуетін, даралық құндылықтарын, азаматтық ұстанымын, өзін-өзі көрсетуге, кемелдендіруге ұмтылысын дамыту.

 Олимпиада қорытындысында І дәрежелі дипломдарын – Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мектеп гимназиясының 7, 8, 9 сынып оқушылары Садыбекова Арайлым, Шакбекова Даяна, Жунусбеков Алдияр иеленді.

ІІ дәрежелі дипломдарын – Павлодар қаласының №16 мектеп-лицейінің 7, 8, 9 сынып оқушылары Павленко Ольга, Фрик Дарья, Клочкова София және де Павлодар қаласының №24 орта мектебінің 7, 8, 9 сынып оқушылары Қасымканова Еркежан, Ныгметова Айзада, Шамшитова Айша иемденіп қайтты.

    ІІІ дәрежелі дипломдарын – дарынды кыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 7, 8, 9 сынып оқушылары Бондарь Анастасия, Сыздыкова Диляра, Нығмет Айгерім. Сондай-ақ Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған «Зерде» мамандандырылған мектебінің 7, 8, 9 сынып оқушылары Камалиева Бота, Женисова Дильназ, Мухтарбек Асель және дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 7, 8, 9 сынып оқушылары Ленинг Ариана, Гургиш Ева, Искаков Баязет иеленді.

Облыстық олимпиаданың жеңімпаздары Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңде Павлодар облысының намысын қорғайды.













«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

05 қазан 2018 г. 2 314 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 618 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 723 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031