» » «Менің әлемім-менің көзіммен!»

«Менің әлемім-менің көзіммен!»

  

   Оқушыларға жалпы адамзаттық құндылықтар туралы ұғымдарын кеңейту, рухани-адамгершілік тәрбие мен білім беру, оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінік беру, оқушыларды ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету, мейірімді, ықыласты болуға тәрбиелеу.
Қатысушылар: 4-7 сынып оқушылары
Көрнекілігі: қағаз, бояулар, музыкалық әуен, суреттер мен кітаптар көрмесі, орындалған жұмыстар көрмесі
Іс-шара бағдарламасы:

Кіріспе сөз.

«Как прекрасен этот мир» кітаптар мен суреттер көрмесі

«Жырлайды жүрек» әндер сайысы

«Ізгілік әлемі» шығармашылық жұмыстар сайысы

«Тілектер ағашы» (тілек білдіру жолдары)

«Шынайы тілектер» күні (тренинг сабақ)

«Еркін микрофон» қорытындылау.


Іс-шараның өту барысы:

1. Кіріспе сөз.
        Армысыздар, құрметті қонақтар,  ұстаздар және оқушылар!
Адамның жастығы дегеніміз тамаша, сәулетті көктем, ол өмірде бір ақ рет беріліп және қайтып келмейтін адам баласының естен кетпес балауса бақытты шағы. Осыған орай, бүгінгі ұйымдастырылып жатқан шара мақсаты өзін-өзі танудың мәнділік жөніндегі ұғымдарын кеңейтіп, ізгілік ұғымы туралы түсінік беру, ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамыту, мейірімді, ықыласты болуға бағыт беру.

Бүгінгі «Менің әлемім-менің көзіммен!» атты мерекелік іс шарамызға қош келдіңіздер!
2. «Как прекрасен этот мир» суреттер көрмесі.
Мектеп психологтарымен  тәлімгерінің  ұйымдастыруымен мен 2-4 сыныптар арасында «Менің әлемім-менің көзіммен!», «Как прекрасен этот мир» тақырыбында фото суреттер байқауы өткізіліп оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша ережеге сәйкес үздік фото суреттер мектеп дәлізінде ұйымдастырылған көрмеге қойылып жеңімпаздар марапатталды.
3.  «Жырлайды жүрек» ән сайысы.
Алдын-ала жаттатылған әндері бойынша сайыс. Дайындықтары мен орындау шығармашылығына байланысты мақтау қағаздары мен сыйлықтар беріледі.

Жүргізуші: Бүгінгі бас қосуымыздың үлкендерге ізет, қарияларға құрмер, еңбек адамына деген ілтипат. «Үй алдында төбең болса, ерттеулі тұрған атпен тең, ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» дегендей ақыл айтып өнегелі сөз сөйлейтіндей қарттарымыз құдайға шүкірлік –баршылық. «Ақсақалы бар ауыл адаспайды» дей отыра келесі орындалар әнді қабыл алыңыздар.

Ән.  Асан Артурдың  орындауында “Әке-ана” әнін қабыл алыңыздар

Ән. Маралдың орындауында “Анашым қартаймашы ” әнін қабыл алыңыздар

Ән. Назираның орындауында “Қос бәйтерек” әнін қабыл алыңыздар

Жүргізуші: Ұрпағым деп ұл өсірген атам- ай,

Сізді ойласам терең ойға батам-ай.

Балаларым сендер аман болшы деп,

Ақ тілеумен беретұғын батаң – ай.

Ән. Ақботаның орындауында «Әжемнің шайы» әнін қабыл алыңыздыр

Жүргізуші:Бойына бар сұлулық жиылғандай,

Мүсінің ақ мәрмәрдан құрылғандай,

Жарқ етіп шыға келген ел алдында

Биші қыздар ғажап еді,биің қандай!

Би «Флешмоб»орындайтын  7 сынып оқушылары

Ән «Ақ бантик » орындайтын Айгерім Бакированың

Жүргізуші: Көп жасаған қария,ақыл теңіз-дария,

Көп өнеге сөзі бар,сөзі соқпақ,өзі нәр.

Ата салты ардақты,әрбір сөзі салмақты

Сол сөздерді құп алсақ,тістерсің бір күн бармақты.

Ән. «Әнім сен едің» орындайтындар Айгерім Ерланқызы

Жүргізуші: Құлақтан кіріп,бойды алар,

Жақсы әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,әнді сүйсең,

Менше сүй-демекші кезкті әнге берейік.

Ән. «Достарым» орындайтындар Серік Сайда

Жүргізуші: Арсыз күлкің тыйылмас,жылауың да

Айтсың да басылмас,жылауың да

Ағайын араздасып кетер еді

Бір қария болмаса бір ауылда.

Әсемнің орындауында «Ақ бантик» әнін қабыл алыңыздар

Жүргізуші: Әжем менің мейрімді,сыйлайды үлкен кішілер,

Әжеге деген пейліңді,әжесі барлар түсінер

Ақжаулықты әжемді ай жүзіне теңедім

Мейірімі таусылмас күн нұрына теңедім

Би Ажар мен Салтанат орындауында «Ақ кербез» биі

Жүргізуші:Құрметті қариялар,

Түндеріңіз тыныш болсын

Үйлерініз ырысқа толсын,

Келіңдеріңіз есті болсын

Ұлдарыңыз сесті болсын.

Жүргізуші: Балаларыныз құаныш әкелсін

Немерелеріңіз жұбаныш әкелсін

Орындарыныз топ болсын

Дастархандарыңыз мол болсын!

Қатарларыңыз көп болсын

Уайым-қайғыларыңыз жоқ болсын

Елде бірлік болсын

Жарасты тірлік болсын!

Осымен «Жырлайды жүрек» атты мерекелік концертіміз аяқталды көңіл бөліп,тыңдағандарыңызға рахмет.
4.«Ізгілік әлемі» балалар шығармашылық жұмыстары 
Оқушылардың мүмкіндіктері мен шығармашылық деңгейлерін ескере отырып, өз қалауларына тапсырма ұсыну: ұсынылған тақырыпта сурет салу, көрініс қою, өлең құру немесе эссе жазу тапсырылады.
5. «Тілектер ағашы» ұйымдастыру негізінде апталық барысында оқушылардың бір-бірлеріне деген тілектерін білдіруге жағдай жасау.

6. «Шынайы тілектер» күні атты 4-сыныпқа арналған тренинг сабақ өткізу. Ата-аналарының қатысуымен жүзеге асыру.

7.Қорытындылау. «Еркін микрофон» оқушылардың ой-пікірлерімен бөлісуі. Ұсыныстарды есепке алу.
Сайыстар қорытындыларын айтып, мақтау қағаздары мен сыйлықтарын ұсыну.  






































Әлібек Мейрамкүл Серікқызы,

М.Сужиков атындағы

№6 орта мектебінің 

педагог-психологы

Қызылорда қаласы.






 

15 қаңтар 2019 г. 11 250 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 307 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 913 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930