| Алдыңғы білімге саяхат. «Доп ортада» әдісі. -Сөз деген не? -Сөз нелерден құралады? -Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде? -Сөйлем деген не? -Сөйлем нелерден құралады? Кері байланыс. Күлімшелер тарату. Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Сабақтың мақсатын таныстыру. Сабақта орындалатын іс-әрекеттермен таныстыру. Оқулықпен жұмыс. «Оқы-топтас-бөліс»әдісі. Тыңдалым         Айтылым 22-жаттығу. Тапсырма:Мәтінді тыңда. «Аяқталмаған ойын». 
 Мәтін тақырыбы бойынша мазмұнына болжам жасау     Дескриптор:   1.Мәтінді әр оқушы түсініп оқиды. 2.Мәтіннің мазмұнын бір-біріне түсіндіреді,тыңдайды. 3.Мәтін мазмұнын бір оқушы әңгімелейді. Сұрақ-жауап: -Мәтін не туралы? -Бұл мәтін саған қандай әсер қалдырды? -Сен олардың орнында болсаң, не істер едің? -Қарамен берілген сөздердің антонимін тап. Қорытынды.Ойында  да татулық керек. Кіші үлкенді тыңдау керек, үлкен кішіге қамқор болу керек. Кері  байланыс.  «Мадақтау» Дәптермен жұмыс.23-жаттығу.Тапсырма: Көшіріп жазып, қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндір.              Түріп жең,                  Талып қар,               Күресте жең.              Күре қар. Жең-киімнің жеңі, жеңу, жеңіс Қар-қолдың қары, ақша қар Қорытынды.Айтылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздерді омоним сөздер дейміз. Кері байланыс.Жұптық бағалау. Суретпен жұмыс.24-жаттығу.Тапсырма: Суретке қарап, суретшінің қатесін тап. Қай топ жылдам, әрі көп қателік табады? Қорытынды. Адам әр жыл мезгіліне сай киіну керек. Кері байланыс.Мадақтау. Дәптермен жұмыс. 25-жаттығу.Тапсырма:Өлеңді көшіріп жаз.              Шақырады Шымбұлақ-             Аппақ-аппақ шың, құзы!             Қуанбайтын кім бірақ,             Жарқыраса жұлдызы!     Дескриптор:  1-топ. 1.Өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқу. 2.Өлең жолдарындағы ұйқасты табу. 3.Шымбұлақ туралы білетіндерін ортаға салу. 2-топ. 1.Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен мәнерлеп оқу. 2.Өлеңдегі сөйлемдердің түрлерін табу. 3.Шымбұлақ туралы білетіндерін айту. 3-топ. 1.Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен мәнерлеп оқу. 2.Өлеңнен синоним сөздерді табу, салыстыру. 3.Шымбұлақ туралы білетіндерін ортаға салу. Қорытынды.Еліміздің көрнекті жерлерін біліп, онымен мақтанып, көркеюіне үлес қосуымыз керек! Кері байланыс. Қошеметтеу.  Ойын: «Артығын алып таста». Шарты: Омоним, синоним, антоним сөздерді пысықтау. Қорытынды.Ойында да ойланып жүрейік! Оқулықпен жұмыс.26-жаттығу. Тапсырма:Суреттегі зат атауларын екі мағынада қолданып, сөйлем құра. Дескриптор: 1.Заттың атауын 1-ші мағынада қолданып, сөйлем құрайды. 2.Заттың атауын 2-ші мағынада қолданып, сөйлем құрайды. Қорытынды. Дыбысталуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздерді синоним сөздер дейміз. Кері байланыс. Топтық бағалау. |