| Жоспар мазмұны | Мұғалімнің іс - әрекеті | Ата – аналардың іс-әрекеті | Ресурстар | 
|  1.КіріспеҰйымдастыру кезеңі
 | «Жүректен жүрекке» тренингі. Өз есімдерінен басталатын әрпінен жақсы сөз айтуды ұйымдастырады | «Жүректен жүрекке» тренингі. Өз есімдерінен басталатын әрпінен жақсы сөз айтады. | 
 | 
| Топқа бөлу | Стикер арқылы топқа бөледі | Стикер арқылы топқа бөлінеді. | Стикер | 
| Топ мүшелерін сайлау | Топ ережелерін ескере отырып топ мүшелерін сайлатады | Топ ережелерін ескере отырып топ мүшелерін сайлайды. | 
 | 
| II.Негізгі бөлім Топтық жұмыс | Ә.Н.Әл-Фараби сөзімен ашады. «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды. Тәрбиесіз берілген білім зиян». Топтарға төмендегі тақырыптың мағынасын ашуды ұсынады. «Білімді азамат – ел болашағы» «Жанұяңа уақыт бөл» видеоролик көрсетеді. | Топтарға төмендегі тақырыптың мағынасын ашады. 1.Баяндаманы топта оқиды. 2.Мазмұнын әңгімелейді. 3.Тақырыптың мағынасын ашады. Роликтің мағынасын ашады   
 
 | Слайд Маркер плакат | 
| Топтық жұмысты қорғау | Топтарға бір – біріне өз ұсыныстарын пікірлерін білдіріп, бағалайды. | Постер қорғайды.  
 Топтар бір – біріне өз ұсыныстарын пікірлерін білдіріп, бағалайды. | Стикер | 
| Топпен жұмыс | Алма ағашын салуды ұсынады. Топтарға бір бірін бағалатады. | Алма ағашын салады.  
 Топтар бір бірін бағалайды. | Плакат маркер | 
| 
 | III тоқсан қорытындысын айтады. Жиынтық бағалау туралы түсіндіреді. | III тоқсан қорытындысын тыңдап, өз ойларымен бөліседі. | III тоқсан қорытындысының сызбасы | 
| Ата- аналарға арналған сауалнама | Ата –аналардан сауалнама алады. | Ата – аналар төмендегі сауалнамаға жауап береді. 1.Балаңыз не нәрсеге әуес? 2.Мінез-құлық ережелерін атаңыз? 3. Балаңыздың оқу дәрежесі қандай? 4.Осы дәрежеде оқуының себебі неде? 5. Балаңыз көп уақытты неге жұмсайды? 6. Балаңызды қалай бағалайсыз? Қандай баға бересіз? 7 Балаңыз мұғалім берген тапсырманы міндетті түрде орындайма? 8. Сіз балаңызбен бірге болуға қанша уақыт бөлесіз? 9. Сіз балаңыздың өз бойынан нені өзгерткенін, түзегенін қалайсыз?  
 | А 4 қағаз | 
| 
 | Әр түрлі мәселелер: тәртіп, тазалық, оқулық, жұмыс дәптер, портфолио, ыстық тамақ т.б. |  | 
 | 
| Кері байланыс | «Екі жұлдыз, бір тілек» | Бүгінгі жиналыстың өтуі, іс – әрекеті бойынша екі жұлдыз, бір тілекке ішкі сезімін жазады. | А4 парақ |