» » БІЛІМ ШЫҢЫНА «ӨРЛЕУМЕН» ӨРЛЕУ

БІЛІМ ШЫҢЫНА «ӨРЛЕУМЕН» ӨРЛЕУ

 Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты Өрлеу БАҰО Түркістан облысы және Шымкент қаласы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін  арттыру институтының ұстаздары да онлайн және қашықтықтан білім беру жүйесімен жұмыс жасауда.


Алтыншы сәуірден бастап  жаһанды жайлаған төтенше жағдайға байланысты елімізде студенттеріміз бен оқушыларымыз, балаларымыз үшін жалпы орта білім беру жүйесі қашықтықтан оқытуды бастады. Дәл қазіргі уақытта  ата-аналар, оқушылар жаңа оқу форматын игеруде. Қашықтықтан оқыту кез келген білім саласында ақпараттық технологиялардың кеңінен қолдануына ықпал етуде. Осыған орай, еліміздегі әрбір ұстаз қазіргі қиын кезеңде ел алдында ағартушылық қызметімен өз шәкірттерінің білімін қашықтықтан оқытып, дамытып отыр.

Осы орайда, әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүктелген  кезеңде  қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға сабақ жоспарын түзуде, слайдтар жасауда, ол жұмыстарды техникалық жағынын жабдықтауда институтымыздың барша тренерлері өз көмектерін беруге әрдайым дайын екендіктерін білдіріп, әдістемелік көмек беріп отыр. Атап айтсақ, «XRecorder»бағдарламасымен видеороликтер жасап үйренеміз»  тақырыбында  информатика пәні тренері Сугирова Бану өз тыңдаушысымен бірлесе отырып « Бірге оқимыз»айдарында видеопрезентация жасау үшін Xrecorder бағдарламасын ұсынды. Тренер Ұ.Исмайлова , Р.Жұманова облыстың көптеген мұғалімдеріне ватсап желісімен түрлі мүмкіндіктерін пайлаланып мұғалімдерде туындаған бірнеше сұрақтарға жауап беріп отыр. «Өрлеу» БАҰО-ы тренерлерінің барлығы да  мектеп мұғалімдерімен он-лайн және қашықтықтан оқыту арқылы түрлі кеңестер беріп, сабақ жоспарларын түзуге, оларды жүзеге асыруда техникалық жағынан көп қолдау көрсетуде.

 Бірлігіміз жарасқан елде бірлігімізді біріктіре білейік! Ынтымағымыз жарасқан кезде ғана кез келген қиындықты жеңе алатындығымызға кәміл сенеміз. Біз біргеміз!




Керимбекова Фатима Кайратовна

«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасы
24 сәуір 2020 г. 1 655 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 803 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930