» » Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме

Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме

     Тарихы мол, іргелі білім шаңырағы болып саналатын мектептің бірі Шығыс Қазақстан облысы,Аягөз ауданында орналасқан «Сергиополь жалпы орта білім беретін мектебі». Мектеп тарихына үңілсек, өз бастауын 1988 жылдан бастаған. Жобалық қуаты 90 орын. Қазіргі таңда 86 оқушы білім алуда. Ғылымның қыр-сырын меңгеріп, бойындағы бар білімін оқушыларына сіңіріп отырған ұстаздар саны 30. Сергиополь жалпы орта білім беретін мектебі оқушылардың сапалы білім алып, ел іргесін көтерер саналы ұрпақ тәрбиелеуге жағдай жасайды.

     А.Байтұрсынов өз сөзінде «.... мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепте керегі – білімді, педагогикалық методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», - деген. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінде рухани, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологияны меңгерген, білігі мен білімі жоғарғы ұлағатты тұлға болуы міндет. Дәл осы ұстанымды ұстайтын Сергиополь жалпы орта білім беретін мектебінде жоғары білімді – 28, арнаулы орта білімді – 2 педагог жұмыс жасайды. Осындай жоғары білімді ұстаздар әртүрлі, оның ішінде халықаралық, республикалық, аудандық байқаулардың жеңімпаздары. Атап өтсек, озық тәжірибелі мұғалім Баймоллаев Әділбек Құрманғалиұлы 2016 жылы «Ұлағатты ұстаз» медалімен марапатталды.

     Зейнетке шыққан ұлағатты ұстаздарымыз Оңдағұлова Базар Кенжетайқызы, Смағзамова Ғалияш Қабдықалыққызы, Баймоллаев Әділбек Құрманғалиұлынан дәріс алған шәкірттері бұл күндері еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі мамандық иелері атанып, басшылық қызмет етуде. Бұл ұстаздың тер төккен еңбегінің жемісі.

    Тарихы мол Сергиополь жалпы орта білім беретін мектебін Айдарова Динара, Бақтыбекова Меруерт, Қабыласымова Айзере, Нұрғазина Нұрай, Шаяхметов Нұрғали, Айдарова Амина, Ануарбеков Асқар оқу жылын үздік тәмамдап, «Алтын белгі» иегерлері атанған.

     Мектепті көпшілік құрметіне бөленген Есентемиров Даулет Аканович басқаруда. Ұстаздық жолын 1993 жылы Аягөз ауданы Бозай ауылындағы Сергиополь орта мектебінде бастаған. 2001 жылы Павлодар гуманитарлық колледжінің еңбек пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 2008-2012 жылдар аралығында аталған мектепте Алғашқы әскери жетекшісі қызметін атқарды. 2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне түсіп, бастауыш оқыту педагогикасының әдістемесі мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесімен 2012 жылы аяқтады. 2012 жылы Шығыс Қазақстан облысы «Аягөз аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің бұйрығымен «Сергиополь жалпы білім беретін орта мектеп» КММ –нің директоры болып тағайындалды. Осы басшылық еткен жылдардың ішінде жеткен біршама жетістіктері бар. Ауқымды марапаттарына тоқталып өтсек:

2020 ж – Біріккен Ұлттар ұйымының даму бағдарламаларын жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі және жас ұрпақты еңбекке баулудағы жетістіктері үшін - Құрмет мадақтамасы берілді;

2020 ж - Республикалық «Дарындылық.kz» дарындылықты дамыту орталығының педагогикалық сайысында білім берудегі жаңашылдық пен шеберлігі үшін марапатталды;

Республикалық «Мейірімді ұстаз» атты онлайн байқауына шәкірт дайындап,оның бойындағы шығармашылық қабілетін дамытқаны үшін Алғыс хат алып, «Мейірімді ұстаз" төс белгісінің иегері атанды;

2021 ж – «Ізденіс жолы» қоғамдық қоры мен Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен білім беру ісі қызметкерлері арасында өткен «Үздік педагог-2021» Республикалық кәсіби- шығармашылық байқауына белсене қатысып, «Үздік көркем еңбек пәнінің мұғалімі» номинациясымен үздік деп танылғаны үшін дипломмен марапатталды.

  Ұстаздықтан өсіп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасар қызметін атқарып келе жатқан Абаева Анаргүл Төкенқызы нағыз өз ісінің шебері, білікті де, білімді ұстаз. Көп ізденіспен педагогика саласындағы жаңалықтарды меңгеріп, терең зерттеу өзіндік басқару стилін қалыптастырып, ұжымды биік шыңдарға жетелеп, нағыз майталман мамандарды тәрбиелеп, биік белестерден көрінуіне септігін тигізіп жүрген орынбасар. Абаева Анаргүл Төкенқызы 1994 жылы Павлодар Мемелекеттік Университетінің «қазақ тілі және әдебиеті» факультетінің сырттай бөліміне оқуға тусіп, 1999 жылы бітірген. Ұстаздық жолын тарихы терең Сергиополь орта мектебінде бастаған. 2007 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасар қызметін атқарып келеді. Анаргүл Төкенқызының ұстаздық жолындағы жұмысының нәтижесіне назар аударсақ:

Республикалық «Мейірімді ұстаз»атты онлайн байқауына шәкірт дайындап,оның бойындағы шығармашылық қабілетін дамытқаны үшін Алғыс хат алды. Әрі «Мейірімді ұстаз" төс белгісінің иегері атанды;

Шығыс Қазақстан облысының білім саласына қосқан зор үлесі үшін мадақтамамен марапатталды;

Халықаралық Мұғалімдер мерекесіне орай, еліміздің білім саласын өркендетудегі үлесі мен еліміздің болашағы өскелең ұрпақ тәрбиесіне қосқан зор үлесі үшін облыстық Алғыс хат берілді;

«Жас зерттеуші» атты ХІІ Республикалық зерттеу жұмыстар сайысына жеңімпаз дайындағаны үшін І дәрежелі Диплом берілді;

«Қазақ тілі сабақтарында оқытуды тиімді пайдалану» баяндамасы халықаралық ғылыми- практикалық конференциясына көп этникалық кеңістіктегі көптілділік мәселелері жинағына енді;

«Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту» мақаласы әдістемелік көмекші құрал кітабына шықты;

Танымал лингвист-ғалым ,профессор А.Ысқақовтың 100 жылдығына арналған «Әлемдік білім беру кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция материалдары жинағына енді.

Өз кезегінде 2013 жылдан бастап директордың оқу-ісінің орынбасары қызметін атқарып келе жатқан Тұрлыханова Бахыткуль Тұрлыханқызына тоқталып өтсек. Бахыткуль Тұрлыханқызы 1993 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы педагогикалық институтқа Педагогика және психология факультетіне түсіп, 1997 жылы «Семей» Мемлекеттік университетін бітіріп шықты. Білікті ұстаз Сергиополь жалпы орта мектебінде 1997 жылдан бастап қызмет етуде. Мектеп басшысының орынбасары ретінде мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, таратуда, кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісінде нақты ғылыми-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын дұрыс жолға қойған. Бахыткуль Тұрлыханқызының өз саласында жеткен жетістіктері де аз емес:

  • 07.10.2016 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшылары орынбасарларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша, сондай-ақ 02.12.2016 жылы «Өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру», 17.02.2020 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының «Көшбасшылық және шағын жинақты мектепті басқару» шжм басшыларының біліктілігін арттыру, 14.08.2020 жылы Республикалық «Өрлеу» ғылыми- әдістемелік орталығында «Өзін-өзі тану пәнінде жаңартылған білім беру мазмұнының әдіс-тәсілдерін қолданудың маңызы» тақырыбы бойынша курстан өтті;
  • 2018 жылы «Ой-Сана» психологиялық орталығында «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту технологиялары» атты курсында өз біліктілігін арттырды;
  • 2018 жылы Аягөз аудандық білім бөлімінің «Еліміздің болашағы жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі елеулі еңбегі үшін» мадақтамасымен марапатталды;
  • 2019 жылы шілде айында «Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ «Ата-ананың жұмысындағы бір күн» жобасының негізінде интернет-байқауға қатысып, WEB ортадағы тәжірибе алаңына оқушылары мен тәлім алушыларының үздік эсселері мен буктрейлерін ұсынғаны үшін І дәрежелі диплом алды;
  • 2019 жылы «Инклюзивті білім беру-өмір қажеттілігі» атты педагог-психологтарға арналған әдістемелік көмекші құралы жарық көрді;
  • 2020 жылы «Жаңаша білім беру мазмұнында инновациялық технологияларды пайдалану» тақырыбында «Білім әлемі» баспа бетіне өзінің мақаласын жариялады;
  • 2020 жылы 30-мамыр «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің олимпиадасынан ІI дәрежелі дипломмен марапатталды;
  • 2020 жылы www.edulife.kz Республикалық қашықтық олимпиададан өзін-өзі тану пәні бойынша І дәрежелі диплом алды;
  • 2020 жылы www.nio.kz. Республикалық Ұлттық интернет олимпиада өзін-өзі тану пәні бойынша ІI дәрежелі диплом иеленді;
  • 2021 ж Daryn.onlineбілім беру платформасы мен Qaztest.kzолимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған Республикалық “Кемеңгер ұстаз” олимпиадасының жүлдегері ретінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды;
  • 2020 жылы қазан айында «Просвещение» Республикалық ақпараттық-әдістемелік орталығы ұйымдастырған "Таңғажайып психология әлемі" атты олимпиаданың жеңімпазы, І дәрежелі диплом иегері атанды;
  • 2020-2021 оқу жылында жаңартылған білім мазмұны бойынша «Білім әлемі» баспасының Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік «Ізденіс» журналына мақаласын жоғарғы дәрежеде дайындағаны үшін Дипломмен марапатталды;
  • 2020 жылы 19-қазан «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы «Жас дарын» олимпиадасына жеңімпаз дайындағаны үшін Алғыс хат берілді;
  • 2020 жылы 12-қараша «Ustaz tilegi» Халықаралық «Зияткерлік орталығы» өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің олимпиадасынан ІI дәрежелі дипломмен марапатталды;
  • 2020 жылы «Оқушылардың бойына рухани –адамгершілік тәрбие қалыптастыру» тақырыбында өзін-өзі тану мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралы шықты;
  • ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz сайтында өзін-өзі тану пәнінен Республикалық қашықтық олимпиададан сертификат алды;
  • 2021 ж «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Зейін» Республикалық олимпиадасында II орын алғаны үшін Дипломмен марапатталды;
  • 2021 ж «Мұғалімнің кәсіби стандарты: білім қызметкерінің кәсіби құзіреттілігіне қойылатын жаңа талаптар» атты Халықаралық тамыз педагогикалық онлайн конферециясының №9 жинағына «Рухани жаңғыру –білім мен тәрбие саласының жаңа көкжиегі» мақаласы шықты.
  • 2021 жылы желтоқсан айында Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігімен Astana Hub-пен ынтымақтастық аясында өткізілген «Инклюзивті аралас оқыту» тақырыбында біліктілік арттыру курсын оқыды;
  • 2021 жылы қараша айында НЗМ «Отбасы,мектеп, қауымдастық: бала мүддесіне қызмет етеміз» ХІІ-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына онлайн форматта қатысқаны үшін сертификат алды;
  • 2021 жылы тамыз айында «Мұғалімнің кәсіби стандарты: білім қызметкерінің кәсіби құзіреттілігіне қойылатын жаңа талаптар» атты Халықаралық тамыз педагогикалық онлайн конферециясына қатысқаны үшін Вашингтон Университетінің сертификатына ие болды.

     Осындай нәтижелі еңбектің арқасында мектептің оқушылары түрлі дәрежедегі олимпиадаларда жеңіске жетіп, мектептің абыройын асқақтатып жүр. Мектепте білім алатын оқушылардың жетістіктері де ұшан теңіз. Сергиополь жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы жаңа заман талабына сай, ақыл –парасаты мол, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қажырлы еңбек етуде.




Есентемиров Даулет Аканович,

Сергиополь жалпы орта білім беретін мектебінің директоры

Абаева Анаргүл Төкенқызы,

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Тұрлыханова Бахыткуль Тұрлыханқызы,

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы

16 ақпан 2022 г. 11 223 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 063 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 821 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930