» » «Болашақ» стипендиясына үміткер шенеуніктердің аты аталды

«Болашақ» стипендиясына үміткер шенеуніктердің аты аталды

 «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» стипендиясына үміткер мемлекеттік қызметкерлердің аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 «Үміткерлер арасында 57 мемлекеттік қызметкер, соның ішінде жоғары шенді шенеуніктер бар. Атап айтсақ, олар өңір әкімдерінің орынбасарлары, комитет төрағалары, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының кеңесшілері мен көмекшілері, министрліктердің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары», - деп мәлімдеді Халықаралық бағдарламалар орталығынан.

Орталық жеке мәліметтерінің БАҚ-та жариялануына келісімін берген мемлекеттік қызметкерлердің тізімін ұсынды.

Олар:

1. Жандос Әбдібаев – басқарма прокуроры, Алматы прокуратурасы

2. Данияр Жомартов – бірінші басшының көмекшісі, ҚР Білім және ғылым министрлігі

3. Ардагер Нұралин – аға прокурор, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы

4. Нұрбек Оршыбеков – төраға орынбасары, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

5. Дәулет Рамазанов – Басқарманың аға прокуроры, Бас прокуратура, Астана

6. Бектас Сәбитов – бөлім басшысы, Алматы Ішкі саясат басқармасы

7. Жұлдыз Смағұлова – басқарма басшысы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі

8. Ислам Солтанаев – Алматы ІІД бөлім басшысы

9. Тимур Оразғұлов – басқарма басшысы, ҚР Дін және азаматтық қоғам істері министрлігі

Естеріңізге салып өтсек, бір апта бұрын өтініштердің көптеп түсуіне байланысты «Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау мерзімі 16 қазанға дейін ұзартылғанын хабарлаған едік.

22 қыркүйек 2017 г. 1 807 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 106 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 839 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930