» » Тарихи Тұлға

Тарихи Тұлға


 

                                                        

                                                     Қазымбет Дәрімбаев
                                                       (1909-2001жж)                             

                                             

Қазымбет Дәрімбаев 1909 жылы, Түркістан өңірі, Балтакөл ауылында дүниеге келген. 1930-1940 жылдары мұғалімдер курсын бітіріп, Либкез, яғни сауатсыздықты жою ісіне араласты. 1940 жылы ең алғаш қазір өзіміз оқып жатқан мектептің ірге тасын қалаған.Үш киіз үйді біріктіріп, бір-біріне сабақтастыра тікті де Қазымбет атамыз «мектеп» ашты және ең алғаш директоры болды.

 1942-1943 жылдың аяғына дейін Ұлы Отан соғысына қатысып, десант болған.Кейін ауыр жарақаттан соң елге қайтарылды. Ары қарай ұстаздық жұмысын жалғастырды.

Ұстаз – ұлағатты ұғым.
Ұстаз даңғылы ұланғайыр, білім арқылы
болашаққа салынған баянды жол бастауы.
 Мектеп – білім жаһұтын
жинайтын, ақылдың кенін ашатын, кеуде сарайын кеңейтетін, жарық сәулесі жаһанға түсетін киелі орын болса, ұзақ жылдар ұстаздық еткен Қазымбет Дәрімбаев сол жарықтың жағушысы, балалардың бағбаны, білімнің темірқазығы болған тұлға. Қазымбет Дәрімбайұлы – өмірі бүгінгі жастарға өнегелі, ұстаздық ұстанымы ұлағатты, зиялы да иманды тұлға.

                   

Қазақстан Республикасының Мәдениет , ақпарат қоғамдық келісім министрлігінің 2003 жылғы 30 мамырдағы №497 қаулысымен Ш.Ділдібеков селолық округіндегі «Арай» орта мектебіне белгілі педагог Қазымбет Дәрімбайұлының аты берілді.

Қазымбет Дәрімбайұлы — ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. «Қазымбет атамыз шын мәнінде мектебіміздің жүрегі бола білді» деп айтады шәкірттері, әріптестері.

Атамыздың бойындағы іскерлік пен адалдық, қарапайымдылық, қамқорлық қасиеттері ерекше болғандығын айтады шәкірттері.

  

Көне дәстүрлерді жақсы білетін, араб тілінде жазып, оқи беретін, өзгені сөйлетіп қойып, өзі тыңдай білетін. Осындай түтіні түзу шыққан отбасында дүниеге келген Жақсыгүл, Жауһар, Гауһар, Әсия, Нұрсауле, ұлдары Полат, Қанат, Талғат – бәрі жоғары білім алып, жеке-жеке үй болып, ұл-қыздарын тәрбиелеп отыр. Балаларының алды Полат Қазымбетов белгілі ғалым-дәрігер, профессор. Шәкірттерінің алды - Сабырхан Асанов, Еркінбай Әкімқұлұлындай  белгілі қаламгерлер. Өз балалары жайында сараң сөйлейтін қарт ұстаз Сабырхан, Еркінбай жөнінде әңгімелегенде едәуір қызынып кетеді. Бұл - жан-тәнімен ұстаздық еткен адамның әрекеті. Ұлағатты ұстазымыз міне осындай жан!  

 


 

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«Қ.Дәрімбаев атындағы №41ЖББМ» КММ

Қосымша білім беру педагогтары

Байтов Біржан, Тасыбекова Айсұлу

 

 


23 қазан 2024 г. 1 717 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 206 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031